Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
РЕСЕЙЛІК КӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » РЕСЕЙЛІК КӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

РЕСЕЙЛІК КӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласында арнайы профилактикалық шара жүргізілді. Мақсат – Ресей елінен әкелінген көлік иелеріне профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заңдылықтарды түсіндіру болып табылды.

Шара барысында аудан полицейлері Ресей Федерациясынан әкелген автокөліктердің құжаттарын рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлік тіркелген мекен-жайға барып, техникалық байқаудан өтуі міндетті екенін түсіндірді. Ал, электронды түрде міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік пайдалануға жарамсыз. Осы тұста тәртіп сақшылары аталған жайттар орын алған жағдайда ӘҚБтК-нің 590-бабы, яғни, «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік шара көрілетінін ескертті. Бүгінде заңға, тәртіпке бағынбаған 20 Ресейлік автокөлік айыптұраққа қойылып, иелеріне хаттама толтырылған.

«Біз аудандағы Ресей автокөлігін сатып алған азаматтарға барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертулер жасаудамыз. Заңға бағынбағандарына хаттама толтырып, көліктерін 10 күн ішінде өз аттарына тіркеу керектігін міндеттеп те отырмыз.
Жүргізушілер арасында «Ресейлік автокөлікпен елде 11 ай жүре аламын» деген қате түсінік қалыптасқан. Қазақстанға өз көлігімен келген шетелдік азамат қана шетелдік автокөліктермен елімізде 11 ай жүре алады. Сондықтан, тәртіп пен талапты орындауға шақырамын баршаны» дейді Жетісай ауданы полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Асқат Бақбергенов.

Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, қазақстандықтардың иелігінде 80 мыңға жуық ресейлік автокөліктер бар. Олар Ресейден тіркеуден шықса да, Қазақстанда осы күнге дейін тіркеуге қойылмаған. Бүгінгі таңда ресейлік көліктердің қатысуымен 1 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы орын алып, 250 адам қайтыс болған. 1,5 мың адам жарақат алған.

«Шетелден көлік әкеліп не заңға, не талапқа бағынбайтын жүргізушілердің саны артып барады. Солардың кесірінен өзгелер зардап шегеді. Тіркелмеген жол-көлік оқиғасын жасаған автокөлікті іздеп табу оңай емес. Сондықтан, қай елден әкелген көлік болса да тіркеуге алынуы керек. Мен мұны қолдаймын» дейді көп жылдан бері темір тұлпарды тізгендеп келе жатқан Сұлтан Оспанов.

Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес Жетісай ауданының полицейлері ресейлік авток иелеріне, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелер мен заң талаптарын қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақыра отырып жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдарын түсіндіру жұмыстарын жалғастыра беретіндіктерін айтады.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында аудан әкімі ...

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...