Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«ҮЛКЕН ТӨРТТІК» КОМПАНИЯСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ҚАЙ УНИВЕРСИТЕТТІ БІТІРУ КЕРЕК? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » «ҮЛКЕН ТӨРТТІК» КОМПАНИЯСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ҚАЙ УНИВЕРСИТЕТТІ БІТІРУ КЕРЕК?

«ҮЛКЕН ТӨРТТІК» КОМПАНИЯСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ҚАЙ УНИВЕРСИТЕТТІ БІТІРУ КЕРЕК?

               «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарының «Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша бакалавриат бағдарламалары түлектерінің жұмысқа орналасуына талдау жасады. 2020 жылғы статистика бойынша 10 023 адам «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Маркетинг», «Менеджмент», «Әлемдік экономика», «Бағалау», «Есеп және аудит», «Қаржы және экономика» сияқты 8 мамандық бойынша бакалаврды бітіріп, диплом алды.
          «Бұл түлектердің 2500-і декреттік демалыста, әскерде, магистратурада (Қазақстанда және шетелде) оқуын жалғастыруда немесе шетел азаматтары. Қалған 7523 адамға сараптама жүргізілді. 79 пайызы диплом алғаннанкейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасады, бірақ 71 пайызы ғана 3 айдан астам уақыттан бері жұмыс істейді (тұрақты жұмыспен қамтылған)», — деп жазады ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.
              «Атамекен» ҚР ҰКП аналитикалық деректеріне сәйкес, Big4 (Ernst&Young, KPMG, Deloitte, Price water house Coopers) компаниясы “Бухгалтерлік есеп және аудит”, “Қаржы” мамандықтары бойынша көбінесе келесі университеттердің түлектерін қабылдайды:
  • KIMEP;
  • Қазақ-Британ техникалық университеті (Академиялы қадалдық лигасының мүшесі);
  • М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті (Академиялық адалдық лигасының мүшесі);
  • NARXOZ университеті;
  • Almaty Management University (Академиялық адалдық лигасының мүшесі).
  •        Олжас Ордабаев аталған сала түлектері үшін ең ірі жұмыс берушілер қатарында  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «KaspiBank» АҚ, «Хоум Кредит Банк» АҚ және «Банк Центр Кредит» АҚ компаниялары бар екенін атап өтті.
               Академиялық адалдық лигасына мүше университеттер академиялық сапа стандарттарын көтеруге үлкен мән береді, оған дәлел – түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейінің жоғары болуы.
Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...