Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТТЫ

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТТЫ

            Мақтаарал ауданында коммуналдық қызмет көрсету сапасы артты. Оған дәлел — ауыз су, газ, электр желілері жылдан жылға жаңарып келеді. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізген аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.  
               Ауданда жалпы 69 елді мекеннің 67-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде 44 елді мекенге 24 сағат, 23 елді мекенге кестемен су берілуде.
                Республикалық бюджеттен жалпы 854,9 миллион теңге бөлініп, Атакент кентіндегі 13 көшенің және Мақтаарал ауылдық округі Береке, Есентаев елдімекендерінің, Иіржар ауылдық округі Иіржар елдімекенінің ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 4 нысанның 3-еуі жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен 77,6 миллион теңге қаржы қаралып, Үлгілі, Табысты, Шұғыла елдімекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Мәдениет, Азамат елдімекендеріне жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, ауданда 13 елдімекеннің жер асты суларына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде.
               Қазіргі таңда 69 елді мекеннің 36 елді мекені табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1%-ын, абоненттердің 66%-ын құрап отыр. Алайда, 2022 жылы Мақтаарал ауданының газбен қамтылуы 73%-ға жететін болады. Өйткені, Иіржар ауылдық округіне қарасты елдімекендерді газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, газ жеткізуші станцияның құрылысына 143,2 миллион теңге және газ құбырының құрылысына 150 миллион теңге қаржы қаралып, жұмыстар жасалуда. Барлық нысандардың құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталатын болады.
              Электрмен қамтамасыз ету бойынша да ауданда жұмыстар тоқтаған жоқ. Мәселен, Бірлік ауылдық округіне қарасты Қоңырат, Алғабас, Пернебаев елдімекендерінде жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жүргізу және КТП орнату үшін 130,5 миллион теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ж.Нұрлыбаев және Жамбыл ауылдық округтерінің жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және КТП орнату үшін 456,2 миллион теңгенің жобасы әзірленді.
              Түнгі көшелерді жарықтандыру бағытында да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Өнімкер елдімекенінің Ахтаев және Ақтерек көшелеріне ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын жарықтандыру және Диқан-Мырзакент автожолының бойына ұзындығы – 3,8 шақырымды құрайтын аяқжол салу жұмыстары, Азаттық-Шымкент автожолының бойына ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын жарықтандыру, Қарақыр-Өркен автожолының бойына ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын жарықтандыру және аяқжол салу жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ, Қалшораев елдімекенінің орталық көшесіне ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын жарықтандыру, Өркениет елдімекенінің Жайлымшиев, Сердалиев көшелеріне және Атакент-Жетысай автожолының бойына ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын жарықтандыру  жұмыстары жүргізілуде.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...