Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЭКО-СЕНБІЛІК ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ЭКО-СЕНБІЛІК ӨТТІ

ЭКО-СЕНБІЛІК ӨТТІ

Мақтаарал ауданында эко-сенбілік болып өтті. Аудан әкімінің аппараты бастаған ауданның дербес бөлімдері мен кенттердің, ауылдық округтердің әкімдіктері, дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мекемелердің қызметкерлері ауданның кіреберіс қақпасынан бастап Сырдария өзеніне дейінгі 10 км-ге жуық аралықты түгелдей күл-қоқыстан тазартты.
          Аталған аймақтағы А-15 автожолы – Мақтаарал, Жетісай аудандарының тұрғындарының Шымкент қаласына қатынайтын бірден бір бағыты. Жүк көліктері, қоғамдық көліктер мен жеңіл көліктер көп жүретіндіктен, жол бойында әсіресе сусындардың, спирттік ішімдіктердің бөтелкелері, темекенің қораптары сияқты ондаған жылдар бойы шірімейтін қалдықтар қаптап кеткен.
            «Сіз тастаған сағыз тұрған жерінде 5 жылға дейін өңін бұзбай жатады. Ал пластикалық негізде өндірілген тауарлар 50-100 жылдың арасында, пластикалық құтылар және қаңылтыр банкалар 500, балық қармағының жібі 600 жылда жойылады. Бүгінгі сенбілік барысында негізінен осындай ұзақ жылдар бойы шірімейтін қалдықтарды тазарттық. Табиғи ортада ұзақ жылдар сақталатын қоқыстар ауаны ластап, нәтижесінде қатерлі ауру тудыратынын белгілі. Сондықтан, тазалық мәдениеттің көрсеткіші десек, Мақтаарал, Жетісай аудандарының тұрғындарын мәдениетті болуға шақырамын!» — деді аудан әкімі Бақыт Асанов.
         Айта кетейік, эко-сенбілік барысында  500-ден астам адам, 8 техника жұмылдырылып, 120 куб күл-қоқыс шығарылды. Мұндай тазалық шаралары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...