Home » Жаңалықтар » ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР МЕКТЕПТЕРДЕ БОЛДЫ

ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР МЕКТЕПТЕРДЕ БОЛДЫ

            «Әдебиет Әлемі» баспасының директоры, Жетісай ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Журналистер және Жазышылар Одағының мүшесі Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов Жетісай ауданы әкімдігінде аудан әкімімен, аудан зиялыларымен өткен басқосудан соң Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №70 «Ж.Сүлейменов» атындағы жалпы орта мектебі мен өзі оқыған «А.П.Чехов» атындағы жалпы орта мектебінде болып, кездесулер өткізді.
          Жазушы-публицист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Бейсенбай Жолдасбекұлымен өткен жиындарға мектеп ұстаздары мен оқушылар, үзеңгілес достары мен туған-туыстары, сыныптастары қатысты.
           Кездесу барысында мектеп оқушылары жазушының өмірі мен еңбек жолына, балалық шағы мен арман-тілектері жайында сұрақтарын қойып, өнегелі әңгімелерін тыңдады. Адами, рухани құндылықтар дәріптелген өнегелі өсиеттер айтылды. Қаламгердің тілегі тыңдалды. Ал, сыныптас достары жазушының балалық шағы, қызығушылықтары мен мектеп қабырғасындағы жетістіктері жайында естеліктерімен бөлісті. Шығармаларынан үзінділер оқылды.
            «Менің балалар жазушысы болуыма, балалар әдебиетіне бет бұруымның негізгі себебі – қоғамдағы балалар проблемасының шешілуіне атсалысу, шығармаларым арқылы ұрпақтар сабақтастығын дамыту, түйіні тарқатылуы тиіс мәселелерді билік басындағыларға жеткізу болды. Бүгінгі интернет дамыған заманда балаларымыз үшін шетелдік өнімдермен бәсекеге түсе алатын жақсы кинолар мен мультфильмдер, қызықты кітаптар керек. Осы мақсатта балалар поблемасын президентке хат жазу арқылы жеткізіп, менің тікелей ұсынысымен 2021 жылы «Балалар әдебиеті жылы» болып аталды. Міне, мемлекет басшысына осындай өзекті мәселені жеткізе алған, жастардың болашағына қызмет ете алған мен бақыттымын» деді жазушы мектеп оқушыларымен өткен кездесуде.
          2009 жылы Астана қаласында Білім және Ғылым, Мәдениет және Ақпарат министрліктерінің ұйытқы болуымен Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі Бейсенбай Сүлейменовтың кітаптарының фестивалі өтті. Ал, тілдерді дамыту басқармасы Елорда мектептерінде қаламгердің «Хан шатырындағы кездесу» тарихи-танымдық, ертегі кітабының кең көлемдегі кездесулерін ұйымдастырған. 2000 данамен жарық көрген кітапты автор барлық данасын жеткіншектерге тегін таратып берген. Бұл дәстүр жыл сайын Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған қалаларында, Түркістан облысының Жетісай, Мақтаарал аудандарында жалғасын тауып келеді. Жазушы өзінің жүздеген кітаптарын оқушыларға тегін таратуды әдетке айналдырған.
            Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің бірнеше грамоталарымен марапатталған жазушының «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде жарық көрген Латын Америкасындағы үндіс балаларының өмірі мен тыныс-тіршілігі жайлы мақаласы «Халықаралық балаларды қорғау» жылының қорытындысы бойынша Республикалық Бейбітшілік және Келісім Кеңесінің бірінші сыйлығына ие болған. Сонымен қатар, 1998 жылы әке ұлағатына арналған «Жолдасбек Сүлейменов» атты кітабы жарық көрген.
           Кездесу барысында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аталмыш мектептердің ұжымы қоғам қайраткерінің иығына шапан жауып, мерейлі 70 жасымен құттықтады. Ал, Бейсенбай Жолдасбекұлы өз кезегінде мектеп кітапханасына өз шығармаларының бірнеше жинағын сыйға тартты. Ұстаздар мен оқушыларға ағалық ақылы мен ізгі тілегін жеткізді. Естелікке суретке түсті.
            Айта кетейік, Бейсенбай Сүлейменов Оңтүстік Американың Перу, Эквадор республикаларына, Амазонка және Анд тауларына саяхат жасап, джунгли мен үндістер жайлы, олардың тыныс-тіршілігі мен тарихы жайында жазған, жер кіндігі эквадор сызығын 2 рет кесіп өткен алғашқы қазақ қаламгерлерінің бірі. Сонымен қатар, қоғам қайраткері Африка, Грекия, Мальта, Тунис, Испания, Канар аралдары, Гвинея-Бисау, Тынық және Атлант мұхиттары, Жерорта теңізінің таңғажайыптары жайлы да қалам тербеген.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай  ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЗДЕСУДЕ БІРШАМА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

        ...

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

        ...

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

        ...

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...