Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢГЕР-СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА СОТ ОТЫРЫСЫН ЖЕҢДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢГЕР-СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА СОТ ОТЫРЫСЫН ЖЕҢДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢГЕР-СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА СОТ ОТЫРЫСЫН ЖЕҢДІ

          Қазақстандық заңгер-студенттер ойын түрінде өткен халықаралықсот процесінде жеңіске жетті. Байқау жыл сайын «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық төрелік орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

            Студенттер арасындағы AIFC Court and IAC Annual Moot заңгерлік жарысы Қазақстанда биыл төртінші рет өтті. Байқаудың коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтуі өзге елдердің білім алушыларына да қатысуға мүмкіндік берді. Биыл командалар саны ерекше көп, Қазақстан, Қызғыз Республикасы, Ресейдің де университеттерінен студенттік топтар қатысты.
          Cот отырысы форматындағы сайыс жалпы (ағылшын) құқық сотында АХҚО сотының қазіргі судьялары-лордтардың төрағалығымен толығымен ағылшын тілінде өтті. Аталған жарыста заңгер-студенттер практикалық мәселені жалпы құқық тұрғысынан зерттейді, жазбаша және ауызша аргументтер дайындайды, сот ісін жүргізу дағдыларын жетілдіреді.
           2021 жылғы байқаудың іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша финалға Қазақстан (М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті) және Ресей (Орал мемлекеттік заң университеті) өкілдері шықты. Бірінші орынды КАЗГЮУ командасының студенттері иеленді.
           «Іріктеу кезеңінде командамыз Каспий университетін (Қазақстан)жеңді. Байқауға сондай-ақ Орталық Азиядағы Америка университеті (Қырғызстан), Нархоз университеті (Қазақстан), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлтық университеті (Қазақстан), Халықаралық «Ала-Тоо» университеті (Қырғызстан), КИМЭП университеті (Қазақстан) де қатысты. Студенттерімізді мақтаныш етемін! Бұл – оқытушылардың, Жоғары құқық мектебі ұжымының қарқынды жұмысының нәтижесі», — деп жазды КАЗГЮУ-дің ректоры Сергей Пен Facebook-тегі парақшасында.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІКТІҢ 10 АПТАСЫНА ДЕЙІН ЕСЕПКЕ ТҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

        ...

КЕНЕДЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

       Күн ...

СУҒА КЕТУ КЕЗІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

        ...

МАНТУ СЫНАМАСЫ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫ ОДАҒЫ: ЕЛ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ КҮШ

       Қазақстандағы ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЗАҚҚА ТӘН ҚАСИЕТ

     Қазақстанда 15 ...

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

        ...

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

        ...

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

       №10 ...