Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
РУХАНИ КЕЛІСІМ - ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » РУХАНИ КЕЛІСІМ — ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

РУХАНИ КЕЛІСІМ — ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

            Рухани келісім күні қарсаңында Мақтаарал ауданында «Рухани келісім — тұрақтылықтың іргетасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
           Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова жүргізген жиынға аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Ш.Байтен, аудандық «Абдул-әкім» орталық мешітін бас имамы М.Айтмұхамметов және діни бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қатысты.
           «Адамзаттың басты құндылықтары адамгершілік, діни және ұлтаралық толеранттылық бүгінгі әлемдік қалыптасқан жағдайда ауадай қажет. Қазіргі таңда дүние жүзінде дін, ұлтаралық қақтығыстар өршіп барады. Бұның қатарын халықаралық терроризм мен экстремизм тағы толықтыруда. Бүгінде бұл даталы күн ұлт, дінаралық шиеленістер мен қақтығыстарға мараторий жариялап, қайырымдылық пен мейірімділікті, адамдар арасында өзара түсіністікті дәріптеп келеді. Осы орайда, 18 қазан — Рухани келісім күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!» — деді Алтын Күнтуқызы.
          Іс-шара барысында аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Ш.Байтен мен аудандық «Абдул-әкім» орталық мешітінің бас имамы М.Айтмұхамметов жарыс сөзге шығып, көпұлтты Қазақстан халқы бір-бірімен тату-тәтті, бірлік-ынтымақта ғұмыр кешуі үшін рухани келісімнің маңызы зор екендігін атап өтті. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде көптеген мәселелер қаралып, нақты ұсыныстар айтылды.
          Айта кетейік, рухани келісім күні мерекесі қарсаңында аудамыздың руханият саласына еңбек етіп, жастар мен аудан тұрғындарын бірлікке, ынтымаққа шақырып, ауданымыздың рухани дамуына үлес қосып келе жатқан бір топ азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
    Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...