Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ САДРИДДИН АХМЕТОВ ЖЕТІСАЙДА БОКС МЕКТЕБІН АШТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ САДРИДДИН АХМЕТОВ ЖЕТІСАЙДА БОКС МЕКТЕБІН АШТЫ

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ САДРИДДИН АХМЕТОВ ЖЕТІСАЙДА БОКС МЕКТЕБІН АШТЫ

            Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы аясында әуесқой бокстан Қазақстан Республикасының жеңімпазы, кәсіпқой бокстан жастар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған жерлесіміз Садриддин Ахметов туған жері Жетісай қаласында бокс мектебін ашты. Спорт ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Мұрат Болатұлы, чемпионның әкесі Әлімхан Ахметов пен Садриддин Ахметов, Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаев пен спорт сүйер Садриддиннің жанкүйерлері қатысты. Құттықтау сөз сөйленді.
           «Бүгін ашылып жатқан бокс мектебі аудан жастарына үлкен сый болды деп айтуға негіз бар. Оның үстіне мектептің ашылу салтанатына Садриддин Ахметовтың өзінің келуі жас ұрпаққа қанаттандырып, алдарына мақсат қоя білулеріне ықпал етіп отыр. Алдағы уақытта осы мектептен бокс әлеміне талай жетісайлық жас түлеп ұшып, елдің атын әлемдік деңгейде паш ететініне сенімдімін» деп, аудан әкімі жас боксшыларға сәттілік тіледі.
           Жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын қос қабатты спорт кешенінде балалар мен жасөспірімдердің бокспен айналысуларына қажетті барлық жағдай жасалып, заманауи құралдармен жабдықталған. Бір мезетте 50 адам жаттыға алатын залда алдағы уақытта республикалық, халықаралық турнирлер өткізуге де мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар, боксты жаңадан бастаушылар мен орта деңгейлі, кәсіпқой деңгейдегі боксшыларға да шұғылдануға мүмкіндіктер қарастырылған.
         «Ең алдымен мені қолдап келген барша жерлестеріме шынайы алғысымды білдіремін. Бала кездегі арманымның бірі туған елде балалар мен жасөспірімдерге барлық жағдайы жасалған бокс мектебін ашу болатын. Негізгі мақсатымыз – осы спорт залда жаттығып, Жетісайдың атын Қазақстанға, күллі әлемге танымал ететін чемпиондар шағару, спортпен тұрақты түрде шұғылдануға және дене шынықтыруға қолайлы жағдайлар жасау, тұрғындар арасында салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту» дейді әлем чемпионы Садриддин Ахметовтың өзі.
          Кеш барысында жастар арасында тұңғыш әлем чемпионы атанған Садриддин Ахметовке жерлестері мен туған-туыстары қазақы салтпен ат мінгізіп, иығына зерлі шапан жапты. Әлемдік деңгейдегі жас чемпион да қарап қалмай жетісайлық өрендерге тәжірибелік сағатын өтіп, бокста жеңіске жетудің негізгі қағидаларын түсіндірді. Сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңесін айтты.
          Айта кетейік, шараның жоғары деңгейде өтуіне Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ де атсалысты.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...