Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ӘУЕСҚОЙ ЛИГА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Денсаулық » ӘУЕСҚОЙ ЛИГА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ӘУЕСҚОЙ ЛИГА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

        Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Жетісай ауданы әкімдігінің 2021 жылдың 29 сәуірдегі №399 қаулысымен «Жетісай спорт клубы» құрылған болатын.
           Аталмыш клуб 2021 жылдың 1 мамырынан бастап аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен біргелікте кіші футболдан және жағажай волейболынан Жетісай ауданының әуесқой лига ойындарын өткізуді қолға алып еді. Әуесқойлар арасындағы лигада 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер 12 команда, 18 жастан жоғары жастардың «А»лигасында 19 команда, «Б» лигасында 20 команда, +35 жас ересектер арасында 14 команда және жағажай волейболынан 19 команда қатысып бақ сынасты. Осылайша Жетісай ауданының ашық жазғы лига ойындарына жалпы 84 командада 1200-ге жуық спортшылар қамтылды.
         Жетісай ауданында аудан тұрғындары мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттырын тиімді пайдалану мақсатында өткізілген әуесқой лига ойындарының жабылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, аудандық маслихат депутаты Марат Ділдәбеков, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен спорт ардагері Бақыт Жанбырбаев, «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Талас Битуреев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев қатысып, қатысушыларға алғыстарын білдірді.
         «Біздің әуесқой лига ойындарын өткізудегі мақсатымыз – алаңда өткізілген әрбір кездесулер арқылы спортшыларымыздың арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік жасау. Әр команда лига басталғалы жақсы ойын өрнегін көрсетіп, әрбір кездесуде алаңға шыққан сәттен бастап күннің аптап ыстығына қарамай бар мүмкіндігін іске қосуға, жанкүйерлердің үміті мен сенімін ақтауға тырысты. «Спортпен шұғылдануға уақыт жетпейді» деушілерге спорт пен еңбектің егіз екендігін, екеуін де бірдей алып жүруге болатынына өзгелердің де көзін жеткізуге барынша әрекет жасадық» дейді «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Талас Битуреев.
              Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының спортшылары қатысқан лига ойындарының жабылу салтанатында жеңімпаз командалар, әдемі ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншылар, команда жетекшілері ұйымдастырушылардың дипломдарымен марапатталып, медальдары мен арнайы кубоктарына ие болды.
            Айта кетейік, ауданының ашық жазғы лига ойындарын өткізген «Жетісай спорт клубы» КММ мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі алдағы уақытта күзгі лига ойындарын өткізуді де жоспарлап отыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...