Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ НОТАРИУС АРҚЫЛЫ ТІРКЕУ БАРЫСЫНДА ТИІСТІ ТӨЛЕМДІ БІРДЕН ЖАСАУҒА БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ НОТАРИУС АРҚЫЛЫ ТІРКЕУ БАРЫСЫНДА ТИІСТІ ТӨЛЕМДІ БІРДЕН ЖАСАУҒА БОЛАДЫ

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ НОТАРИУС АРҚЫЛЫ ТІРКЕУ БАРЫСЫНДА ТИІСТІ ТӨЛЕМДІ БІРДЕН ЖАСАУҒА БОЛАДЫ

          «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Кaspi.kz компаниясымен бірігіп, банктің мобильдік қосымшасы арқылы қызмет ақысын төлеу мүмкіндігін іске қосты. Жылжымайтын мүлікке қатысты рәсімдерді нотариус арқылы жүргізген клиенттер енді мемлекеттік баж салығын Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүргізе алады. Ол үшін нотариус берген түбіртекте көрсетілген QR кодты сканерлеу қажет, сондай-ақ қосымшадағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін де пайдалануға болады.
          «Мемлекет басшысы өз жолдауында мемлекеттік қызметтердің смартфон арқылы қолжетімділігін 100% көлемде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл жаңашылдық – осы бағыттағы жұмыс бойынша жасалған кезект қадам.  Бұрын нотариалды рәсімнен кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариалдық ақпарат жүйесіне жолдайтын. Құжаттар рәсімін аяқтау үшін қазақстандықтар касса немесе Қазпошта бөлімдерін іздеп, кейін төлем түбіртегін тапсыру үшін нотариусқа қайтып келетін.
         Біз үшін халыққа мемлекеттік қызметтерді алу мейлінше ыңғайлы және қарапайым болғаны маңызды, сондықтан да серіктестерімізбен бірге онлайн сервистерді әрі қарай да дамытуға мүдделіміз. Санаулы минуттарда онлайн түрде алуға болатын қызметтер санын көбейтетін боламыз» – дейді «Азаматтарға аналған үкімет» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
       2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік корпорация арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 708 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...