Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛҒАН "К-19" КАНАЛЫНА СУ СОРҒЫШ ОРНАТЫЛУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛҒАН «К-19» КАНАЛЫНА СУ СОРҒЫШ ОРНАТЫЛУДА

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛҒАН «К-19» КАНАЛЫНА СУ СОРҒЫШ ОРНАТЫЛУДА

             Мақтаарал ауанына қарасты Достық ауылдық округінде бірнеше жылдан бері ең өзекті мәселелердің бірі — К-19 каналына ағын су мәселесін жеткізу еді. Міне, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен бұл мәселе де өз шешімін табуда.  
            1957 жылы салынған канал 4200 гектар жерге 4 м3/сек ағын су таратады. Достық магистралды каналы арқылы су көзін алатын К-19 каналының ұзындығы 11,93 км-ді құрайды. Канал толығымен монолитті темірбетонмен қапталған. Меншік иесі — «Қазсушар» РМК.
             К-19 каналы жоғары орналасуына байланысты егістік алқаптарын суғаруға қажетті су көлемі жетіспеушілігі мәселесі талай жылдан бері туындап келеді. Жергілікті тұрғындар бұл өзекті мәселе жөнінде аудан әкімінің қабылауында көтеріп, есептік кездесуінде мәселені шешіп беруді сұраған болатын.  
           Достық магистралды каналының арнасынан биікте орналасқандықтан, жазғы су беру науқаны кезінде каналға ағын суды уақытылы жеткізу үшін Достық каналының деңгейін жоғары ұстау арқылы ғана шаруаларға қажетті ағын су беріліп келген. Аудан әкімінің тапсырмасымен бұрын орнатылған дизельдік су сорғыштардың жарамсыздығы анықталып, тез арада электрлі су сорғыш қондырғысын орнату және электр энергиясымен қамтамасыз ету қажет деп танылған. Мәселені шешу үшін каналға  қуаттылығы 0,8 м3/сек 4 дана электрлі су сорғышын орнату керек болатын.
           Кейіннен электрлі сорғыш орнатуға аудан әкімінің қаулысымен  арнайы 1,6 гектар жер телімі бөлініп, «Қазсушар» РМК ТФ тарапынан мемлекеттік акт алынған. Мәселенің өзектігі ескеріліп, бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК ТФ қуаттылығы 0,5 м3/сек 2 дана электрлі су сорғыштарын орнату жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, К-19 каналына ағын суды жеткізіп беруге d=500 мм құбырлар тартылуда.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...