Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

        ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабына, ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың өкімімен Әлімқұл Баязит Базарбайұлы ауданның ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды.
       Аудан әкімінің орынбасары С.Сұлтанханов  ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырып, орынтағына жайғастырды.  Ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының локомотиві екенін есіне салып, алда атқарар шаруалар мен бағындырар белестер көп екенін тілге тиек етіп, жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.
       Б.Әлімқұл 1994 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2015 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «агроном» мамандығы бойынша аяқтаған.
        Еңбек жолын 2016 жылы Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маманның көмекшісі болып бастап, осы бөлімде инспектор, статист болып еңбек жолын жалғастырған.
        2017 жылдан бастап Мақтаарал ауданына қарасты Асықата кентінің әкімі аппаратында жетекші маман-ветеринар мемлекеттік әкімшілік лауазымында жұмыс жасаса, 2018 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып нәтижелі еңбек етті.
 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖОЛ ЖАҢАРСА – ЖОЛЫМЫЗ АШЫЛАДЫ

       М-39 ...

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...