Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
АУДАН БАСШЫСЫ ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АУДАН БАСШЫСЫ ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

          Бұған дейін де бірнеше ауылдық округтерде болып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысқан Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы арнайы Абай ауылдық округіне атбасын тіреді.
          Ең алдымен Абай ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекенінің Бәйтерек көшесі бойында құрылысы басталған округ әкімі аппараты жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты. Құны 30 млн теңгені құрайтын ғимараттың құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер «Құрылыс Нұртас» ЖШС басшыларымен кездесті, қолбайлау болуы ықтимал жағдаяттар жайлы ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс нысанға қажетті құрылыс материалдарының сапалы, кестеге сай тапсырылуын қадап тапсырды.
          Сонан соң аудан басшысы Бәйтерек көшесі бойында орналасқан аллеяның қоршау жұмыстарының құрылысын аралады. Құрылыс нысанының жалпы құны 19 млн теңгені құрап отыр. Мұнда алдағы уақытта Жүзімдік елді мекенінің тұрғындары бос уақыттарында серуендеуге арналған аяқ жолдар мен гүлзарлар, скверлер мен орындықтар орнатылатын болады. Түрлі түсті жарық шамдар қойылып, ауыл тұрғындарына қажетті жағдайлар жасалмақ. Сонымен қатар, округ әкімі алдағы уақыттарда шаңырақ көтерген ауыл жастарының серуен алаңшаларын да іске қосу жоспарда бар екенін айтады.
            «Мемлекет қаржысының әрбір тиынының мақсатты жұмсалуы мен құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау жасауды күшейткенбіз. Бұл жұмыста бізге ауыл тұрғындары, ақсақалдарымыз да үлкен көмек беруде. Өйткені, бүгін біз жасаған дүниелерді болашақта перзенттеріміз, іні-қарындастарымыз пайдаланады» дейді Абай ауылдық округінің әкімі Бағдат Оспанов.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЗАҚҚА ТӘН ҚАСИЕТ

     Қазақстанда 15 ...

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

        ...

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

        ...

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

       №10 ...

ӘКЕ ТӘРБИЕСІ – АДАЛ АЗАМАТ БЕЙНЕСІ

        ...

БРАКОНЬЕРЛІК – ЭКОЖҮЙЕМІЗГЕ ТӨНГЕН ҮЛКЕН ҚАТЕР

       Бүгінгі ...

ҰСТАЗ — АҚЫН ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

        ...

АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

        ...

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ БІР САНАУ ЖҮЙЕСІНЕН ЕКІНШІ САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ ТИІМДІ АЙНАЛДЫРУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ

Компьютерде қолданылатын санау жүйелері ...

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ...