Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
МҰРАТ БОЛАТҰЛЫ: «БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ РЕТ-РЕТІМЕН ШЕШІЛЕДІ» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » МҰРАТ БОЛАТҰЛЫ: «БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ РЕТ-РЕТІМЕН ШЕШІЛЕДІ»

МҰРАТ БОЛАТҰЛЫ: «БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ РЕТ-РЕТІМЕН ШЕШІЛЕДІ»

          Өзге өңірлерге қарағанда жазы ыстық болатын Жетісай ауданында ауыз судың мәселесін шешу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Кей елді мекендерде жаңадан ауыз су мұнаралары іске қосылып жатса, енді бірінде барына күрделі жөндеу жүргізілуде. Мұның бәрі, әрине, қаралған қаржының көлеміне қарай атқарылып жатқан жұмыстар.
           Абай ауылдық округінде болған аудан басшысы Мұрат Қадырбек өзекті мәселені назардан тыс қалдырмады. 348 түтінінде 2041 тұрғыны бар Жүзімдік елді мекенінде қосымша салынған ауыз су мұнарасында болып, мамандармен жүздесті. Тіршілік көзі саналатын судың тұрғындарға жеткізіліп беруі жайында әңгімелесті.
         5 млн 925 мың теңгеге іске қосылған су мұнарасына талапқа сай ЭЦВ-8-25-100 су сорғыш насосы орнатылған. Қуаттылығы секундына 25 текше метр. Елді мекендегі халық санының өсуіне байланысты кеңестік дәуірде салынған ескі су мұнарасының қуаты жетпегендіктен Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен «ИнжСтройГрупп» ЖШС қосымша жаңа су мұнарасын 2 айда іске қосып отыр.
       «Адам ас-ауқатсыз бірнеше күн өмір сүруі мүмкін, бірақ, сусыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан, тұтынушыға суды уақытылы, үздіксіз жеткізіп беріп отырыңыздар. Су есептегіш құралдары арқылы пайдаланылған ауыз суға ғана ақы алыңыздар, артық төлем жиналмасын. Осылайша рет-ретімен аудандағы барлық елді мекендердің ауыз су мәселесін шешетін боламыз» деді аудан басшысы.
Кездесу барысында мамандар кейбір тұрғындардың ауыз сумен үй іргелік егістіктерін суғаруы салдарынан жетіспеушіліктің туындайтынын алға тартады. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар тұрғындарға ескертулер де жасалған.
          Айта кетейік, Абай ауылдық округі аумағындағы су жүйелері «Жетісай су» МКК теңгерімінде. Бір елді мекенде ауыз су тәулігіне 12 сағат, қалған 5 елді мекенде тәулігіне 8 сағаттан беріледі.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...