Home » Қоғам » ҚОБЫЗДА ӘЛЕМДІК ХИТТЕРДІ ОЙНАЙДЫ

ҚОБЫЗДА ӘЛЕМДІК ХИТТЕРДІ ОЙНАЙДЫ

      Талдықорғандық  талант – 21 жасар Аида Айдынқызы қазақ халқының ежелгі аспабы – қобызда әлемдік хиттер ойнайды. Ол Н.Тілендиев атындағы музыкалық балалар мектебінің, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің түлегі. Қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының 3 курс студенті. Әлеуметтік желіде жерлестеріне қазақ музыкасын, қобыз аспабын насихаттау мақсатында кавер-видеолар түсіреді. Оның айтуынша, қобыз-эпикалық және аспаптық музыкамен ұсынылған қазақтардың этникалық тарихын жеткізуші.  Аңыз бойынша, қобыз ежелгі Тәңір дінінің бақсы-тасымалдаушыларының изотериялық құралы болған.  Ал бүгінде мұндай ерекше құралдың үнін бүкіл әлем сүйсіне тыңдайды. Қобыздың қоңыр үнін әуелеткен жаспен біз де сұхбаттастық.
      – Сәлеметсіз бе?! Қобызда ойнау екінің бірінің қолынан келе бермес дүние. Жалпы сіздің бойыңыздағы дарын қалай ашылды?
      –Сөздің шыны керек, менің өнерге жақын ешқандай тума-туысым жоқ. Бұл қызығушылықтан туған дарын деп айта аламын.  Қобызды таңдау мүмкіндігім де болмады. Яғни,қобыз мені таңдады. 4-ші сынып оқып жүрген кезім болатын. Мектепке екі қобыз мұғалімі келіп, аспапта шығарма ойнап берген. Ол кезде музыка мектебіне іріктеу жүріп жатыр екен. Қаншама баланың ішінен маған көзі түсіп, шақырту алдым. Бәрі тез болып кетті. Музыка мектебіне қалай түскенімді білмей де қалдым. Алғашқыда бұл жәй ғана хобби еді, қазір сүйікті мамандығыма айналды.
        -Дәстүрлі өнерді жастардың көпшілігі қолдау бермейді. Еліміздегі дәстүрлі өнердің дамуына қандай баға бересіз?
        -Менің ойымша, дәстүрлі өнерді дамытпаса да, алдымен қарапайым халықтың өнерге қызығушылығын арттыру керек. Ал, қазіргі таңда дәстүрлі өнердің дамуы орташа деп санаймын. қобыз  аспабын дамыту өнер адамдарының борышы.күні Сондықтан қазақ бола тұра қобыздың үнін ұмыту біз үшін жат нәрсе болмақ.
        – Бұл аспаптың тылсымын түйсіне алдым деп есептейсіз бе?
        -Қобыз қазақ үшін жәй ғана музыкалық аспап емес,үлкен бір мәні бар қастерлі мұра.Қобызда ойнап жүргеніме 13 жыл болып қалды. Оның тылсымын уақыт өте түсініп келемін.Сонысымен мен үшін ерекшеленеді. Ең бастысы ниет керек. Оңай дүние жоқ, көп еңбектену керек. Жалпы, қобызды үйрену үшін көп уақытыңды жұмсайсың. Бар жоғы қойылымның өзіне жарты жылдан аса уақыт кетеді. Бірақ жаныңызға жақын болып, оның тылсымын түсінемін десеңіздер онда тек алға дегім келеді.
         -Кейде «Қобыз аспабы болашақта тек мұражайдан табылуы мүмкін» деген пікір айтылып қалады. Бұған не дейсіз?
        – Мүлдем келіспеймін. Себебі, жылдан жылға қобыз аспабына деген қызығушылық артуда. Қобыздың болашағы зор деп санаймын.Мен үшін қобыз өмірімнің бір мәніне айналды. Әрдайым мені үнімен баурайды. Шамамен бірнеше жылдан кейін осы аспапты дамытып, сүйікті ісіммен айналыссам деймін
-Әлеуметтік желіде қобызды насихаттауыңызға не себеп? Оқырмандар қалай қабылдауда?
          – Қобыз аспабын және қазақ музыкасын насихаттау мақсатында әлеуметтік желіде видеолар сала бастадым. Осы күнге дейін қобыздың үнімен Relax, Take It Easy – Mika; Love Me like You Do – Ellie Goulding;  Smells like Teen Spirit – Nirvana;  Perfect – Ed Sheeran; Way Back Home Shaun;  Dönmek – Aytekin Ataş;  Yasli – Soner Akalin шетелдік танымал әуендерін орындадым. Бұл әлеуметтік желідегі оқырмандарымның көңілінен шығып жатыр деп ойлаймын. Тек қана Қазақстаннан емес, көрші мемлекеттерден де қызуғышылық танытып, жылы лебіздерін білдіреді.
       – Сұхбатыңызға рахмет!
Айгерім ЕСІМХАН,
№12  мектеп-гимназияның 10 «Ә» сынып оқушысы, 
Талдықорған қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...