Home » Билік » АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ «НАМЫС» КОМАНДАСЫ ЧЕМПИОН!

АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ «НАМЫС» КОМАНДАСЫ ЧЕМПИОН!

         23 маусым – ҚР-ның Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Мақтаарал ауданының мемлекеттік қызметшілерінің арасында футболдан жарыс өтті. Аудан орталығы Мырзакент кентінің қақ төрінен жаңадан ашылған «Жалал ата» спорт кешенінде өткен дүбірлі додаға барлығы 10 команда қатысты.
        Жаңадан салынған спорт кешенінің ресми ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков жастарды спортқа баулитын осындай заманауи нысанды тұрғызғаны үшін Жаңажол ауылдық округі Өргебас ауылында тұратын Жалал Сапаров атаның ұрпақтарына аудан әкімдігінің атынан үлкен алғыс білдірді. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарымен бірге ел ағаларының бірі Ермекбай Байкөбеков пен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Досым Асабаев жасыл алаңның лентасын қиды.
      Жалпы «Жалал ата» спорт кешені әлемдік стандартқа сай 40х20 метрге жасанды газон төселген. Заманауи спорт кешенінде киім ауыстыратын бөлмелер, душ, күту залдары орналасқан. Кешеннің аумағы толықтай профнастилмен жабылып, жылдың 4 мезгілінде де спортсүйер жандарға қызмет көрсетуге дайын.
       Нысанның ресми лентасы қиылған соң жарысқа қатысушы командалар салтанатты түрде таныстырылып, мерекелік жарыс ресми түрде ашылды. Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандағы мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрбол Саттаров жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады. Мұнан соң ҚР-ның Әнұраны ойнап, көк туымызға қарай сап түзеген мемлекеттік қызметшілер жарысқа толық дайын екендіктерін көрсетті.
        Өте тартысты әрі қызықты өткен жарыстың нәтижесімен аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов капитандық еткен Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының «Намыс» командасы І орынды алып, жарыстың чемпионы болды. Ал, Жаңажол мен Еңбекші ауылдық округі әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінен құралған «Қыран» командасы ІІ орынды, Ж.Нұрлыбаев пен А.Қалыбеков ауылдық округі әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінен құралған «Қайрат» командасы ІІІ орынды иеленді.
       Жеңімпаздарды мараппаттау рәсімінде шеберлігімен, сұрмергендігімен көзге түскен үздік ойыншылар да аталып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің бас маман – салық агенті Еламан Жақыпбаевтар «Үздік ойыншы» атанса, Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Досбол Жүнісов «Үздік қақпашы» атағына лайық деп табылды.  
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...