Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Жаңа уақыт көшбасшыларының Next30 байқауы жарияланды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » Жаңа уақыт көшбасшыларының Next30 байқауы жарияланды

Жаңа уақыт көшбасшыларының Next30 байқауы жарияланды

         2021 ж. 21 маусымда Орталық Азия елдері тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай АҚШ-тың Орталық Азиядағы бес дипломатиялық уәкілдігі Go Viral Network қоғамдастығымен бірігіп, Орталық Азияның 1991 жылдан бері туылған 30 жаңа көшбасшысының үлесін атап өтуге арналған өңірдің жас көшбасшылары арасында өңірлік Next30 байқауын жариялады.
         Next30 байқауының барлық қатысушылары 20 маусымнан бастап 20 шілдеге дейін тіркеуден өте алады. Орталық Азияның Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және Түркіменстаннан шыққан 30 жаңашылы өздерінің бизнестегі, медиадағы, мәдениеттегі, технологиялардағы және азаматтық қоғамдағы жетістіктерімен, табысқа жету тарихымен, өңірдің болашағы туралы ойларымен бөліседі және Орталық Азияның болашақ игілігі үшін қосатын үлестері туралы әңгімелейді.
        «Америка Құрама Штаттары біздің Орталық Азиямен серіктестігімізді мақтан тұтады және өзінің 30 жылдық тәуелсіздік мерейтойын атап өтіп жатқан әрбір елді құттықтайды. Осы шара арқылы біз Орталық Азияның басқаларды инновациялық идеялар ойлап табуға және бірлескен жобалар жасауға итермелейтін, жергілікті кәсіпкерлерге демеу беріп, бүкіл әлемнің шығармашыл, бастамашыл адамдарының өзара арақатынас құруына себепкер бола алатын жас көшбасшыларына қолдау көрсеткіміз келеді», – деді Алматыдағы АҚШ бас консулы Эрик Майер.
         Байқаудың финалистері – 2021 ж. 13 тамызда, ал жеңімпаздары 2021 ж. 17 қыркүйекте жарияланады. Іріктеу шарттарына сай (2021 ж. 20 шілдедегі жағдай бойынша) барлық үміткерлердің жасы 18-ден кем болмауы тиіс және 1991 жылдан бұрын туылмаған болу керек. Үміткерлер тіркеу үлгілерін ағылшын тілінде толтырып, өздерінің Орталық Азияның жарқын болашағы үшін қосқан үлестері мен маңызды инновациялары туралы 300 сөзден тұратын баяндамасында көрсету қажет.
         «Орталық Азияның жастары жаңашыл, дарынды, әрі өршіл келеді. АҚШ-тың Орталық Азиядағы дипломатиялық уәкілдіктері тәуелсіздік алған соң дүниеге келген, түрлі мүмкіндіктер мен жаңа идеяларға толы болашақтың кілті іспеттес жаңа көшбасшылар ұрпағына демеу беруді көздеген Go Viral Next30 бастамасына мақтанышпен қолдау көрсетеді», – деді Тәжікстандағы Go Viral бағдарламасының директоры, әрі Go Viral негізін қалаушы Чарльз Мартин.
         Next30 жеңімпаздары бас қосып, Go Viral өңірлік шараларында өзара жақынырақ таныса алады, сонымен қатар олар келесі жылы АҚШ-қа барып, медиа, бизнес, мәдениет және технологиялар саласындағы американдық сарапшылармен және жаңашылдармен танысу мүмкіндігіне ие болады. Көбірек ақпарат алу үшін Go Viral әлеуметтік желілерін қараңыз: InstagramFacebookTelegram  және  YouTube.
       Байқау туралы фото және бейнематериалдарды мына жерден табуға болады. Хэштэгтер: #Next30GV #GoViralCA
Go Viral Central Asia 2021 фестивалінің баспасөз қызметі.
Далида Накупова, ұялы: +7 701 222 2850; dalida.pr@gmail.commedia@goviral.kz.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...