Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҰБТ СҰРАҚТАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҰБТ СҰРАҚТАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС

ҰБТ СҰРАҚТАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС

       ҰТО басшысы Дидар Смағұлов ҰБТ-ға қандай сұрақтар қосылғаны туралы өзінің әлеуметтік парақшаларында хабарлады.
        Д.Смағұлов алдымен Абылай хан атының тісі туралы сұрақтарға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ҰБТ – да мұндай сұрақтар ешқашан болмаған. «Кейбір ата-аналар осындай тапсырманы емтиханға дайындап жатқан шағын жеке орталықтың байқау сынақтарынан көріп, бұл сұрақты ҰБТ базасымен байланыстыра бастады. Содан соң оны бұқаралық ақпарат құралдары бірден іліп алды да (сәлем фактчекинг) мүлде басқа ой қалыптасып шыға келді, оны тіпті әлі күнге дейін беделді сарапшылар қолданып жүр.  Мұндай сұрақтар ҰБТ-да болуы мүмкін емес, ең тәжірибелі педагогтар құрастырған әр тапсырма 2 тәуелсіз сараптамадан өтеді (олар да аймақтардан кәсіби мамандармен жіберілген), сонымен қатар базаға қабылданар алдында тағы бір ревизия жасалынады»,- деді ол.
      Д.Смағұловтың айтуынша, барлық тест тапсырмалары базаға қабылданар алдында сондай-ақ. тағы да сарапшылармен тексеріледі екен.
       2018 жылы апелляция қорытындысы бойынша 101 тест тапсырмалары дұрыс емес деп танылса, 2019 жылы — 58, 2020 жылы — 27, ал 2021 жылғы наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері бойынша апелляцияда тек 21 тест тапсырмасы қанағаттандырылды. Сонымен қатар биылғы тесттің басты жаңалығы – Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойыншы нақты даталардың жариялануы.  
Делназ МЕНСЕЙТОВА,
Ақтау ауылы жалпы орта білім беретін Ақтау
мектеп бөбекжай-бақша кешені.
Тасқала ауданы, БҚО.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АУЫЗ СУ – ЕЛДІҢ БАСТЫ ИГІЛІГІ

        ...

ЖОЛ ЖАҢАРСА – ЖОЛЫМЫЗ АШЫЛАДЫ

       М-39 ...

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...