Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КӨТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » КӨТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

КӨТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

          Атакентте Мақтаарал ауданының  ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Көктемгі дала жұмыстарының дайындығы» тақырыбында аудандық семинар өтті.
            Аудан әкімі Бақыт Асанов төрағалық еткен жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Т.Жақыпбеков, «Қазақ мақта ассоциациясы» бірлестігінің төрағасы Б.Юсупов, ауданның еңбек ардагері К.Бөриев, «Syngenta» компаниясынң өкілі Н.Абдиғаппаров, «Қайнар» тұқым шаруашылығының төрағасы О. Утебаевтар сөзге шығып, тәжірибелерімен бөлісті.
         Б.Асанов көктемгі дала жұмыстарын сапалы әрі уақытылы атқару арқылы жоғары өнімге қол жеткізу туралы өзінің ой-жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, суармалы егістік алқаптарына озық технологияларды енгізу, мақта тұқымының маңыздылығы туралы ғалымдар мен мамандар ауданның шаруаларына ұсыныстарын берді.
          Шара барысында ауыл шаруашылығы дақылдарын түрлі зиянкестерден қорғау, көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселелері де сөз болды. Тұқым шаруашылықтарының атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтылып, ауыл шаруашылығы кооперацияларын құрудың маңыздылығы туралы баяндама жасалды.
       Бұл іс-шарада Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының мамандары тарапынан мақта шитін себудің жаңа технологиясы практика ретінде шаруаларға көрсетілді.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...