Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЕЛІМІЗДЕ БҰНДАЙ КЕСЕЛГЕ ЖОЛ ЖОҚ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЕЛІМІЗДЕ БҰНДАЙ КЕСЕЛГЕ ЖОЛ ЖОҚ

ЕЛІМІЗДЕ БҰНДАЙ КЕСЕЛГЕ ЖОЛ ЖОҚ

         Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын сыбайлас жемқорлық бүгінде  әлемдегі  барлық  елдердің  барлығын  да  қатты  алаңдататып отыр. Егерде осы «Сыбайлас жемқорлық» деген түсініктің мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі «сыбайлас жемқорлықты« пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
          Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, «сыбайлас жемқорлық қылмыстарға» негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
      Елімізде сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.
          Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
           Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Асанхан КОШКАРОВ,
«Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

        ...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРУ БАСТАЛДЫ

        ...

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ҮШІН ТАПТЫРМАС МЕКЕН!

        ...

1 МАУСЫМДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ КЕЗЕКТІ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

        ...

ЕЛ МЕРЕЙІНЕ БӨЛЕНГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС

        ...

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАДІР РАЯН МЕН БАҚТИЯРҰЛЫ НҰРӘЛИ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ!

       ЕРКІН ...

Өнерлі балалар арасында ән байқауы өтті

        ...

Семейде өткен дәстүрлі “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” байқауының жеңімпаздары анықталды

        ...

«ҒҰМЫРЫ ҒАЗАЛ – АҚЫН…»

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...