Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТӘЖІКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ МАҚТААРАЛҒА КЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ТӘЖІКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ МАҚТААРАЛҒА КЕЛДІ

ТӘЖІКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ МАҚТААРАЛҒА КЕЛДІ

         Тәжікстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ибодзода Хайрулла Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Бақыт Асановпен кездесті.
         Кездесу барысында аудан әкімі Б.Асанов Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы елшіге таныстырып, ауданда басқа диаспоралардың мәдениетін дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады. Сонымен қатар, былтыр Мақтаарал ауданында орын алған Төтенше жағдайда тәжіктер қоныстанған Фердауси ауылын да су алғанын, апаттың салдарын жоюда бәріне теңдей көмек көрсетілгенін айтты.
        «Мақтаарал ауданында 133 мыңнан аса тұрғын бар. Тәжік, өзбек, орыс, кәріс, әзірбайжан сияқты т.б. ұлт өкілдері тұратын көпұлтты ауданбыз. Барлық ұлттар бір-бірімен тату-тәтті ғұмыр кешуде. Ол үшін 6 ұлттың этно-мәдени орталықтары белсенді жұмыс жүргізуде» — деді Бақыт Насырханұлы.
          Өз кезегінде елші Мақтаарал ауданы Тәжікстанмен агросектор саласында ынтымақтастықта жұмыс жүргізе алатынын, тәжірибе алмасып, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялармен бөлісіп тұруға болатынын атап өтті. Сонымен қатар, туризм, кәсіпкерлік, мәдениет саласында байланысты арттырып, жұмыстарды жандандыру жөнінде екі тарап келісті. Елші тәжік үлгісіндегі шәйханалар мен ресторандарды аудан орталығы Мырзакент кентінен ашу үшін арнайы жобаларды ұсынды.
         Кездесу соңында аудан әкімі Бақыт Насырханұлы елшіге Мақтаарал ауданының 90 жылдығына арнап шығарылған «Күн сүйген өлке» атты кітапты табыстаса, елші әкімге «Тәжіктер тарих айнасында» атты кітапты ұсынды. Сонымен қатар,  Ибодзода Хайрулла Мақтаарал ауданындағы тәжік этно-мәдени орталығына бірнеше ұлттық музыкалық аспаптары мен ұлттық киімдерін сыйға тартты. 
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...