Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«ОФИЦЕРДІҢ АТА-АНАСЫ» МЕДАЛІН ТАПСЫРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » «ОФИЦЕРДІҢ АТА-АНАСЫ» МЕДАЛІН ТАПСЫРДЫ

«ОФИЦЕРДІҢ АТА-АНАСЫ» МЕДАЛІН ТАПСЫРДЫ

        ҚР Қорғаныс  министрлігі тұңғыш рет үздік офицердің ата-анасына арнайы «Офицердің әкесі» және «Офицердің анасы» медальдарымен марапатады. Ерекшелігі бұндай медальды Қорғаныс министрлігі тұңғыш рет тапсыруда.             Жаркенттік Жақсылық Қызырхан 2019 жылы 24 жасында мерзімінен бұрын капитан әскери шеніне қол жеткізді.  2017-2019 жылдары Отар әскери гарнизонында қызмет еткен жас жауынгер, бүгінде «ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық Әскерлерінің үздік офицері», «үздік рота командирі» атанып отыр.
        Талдықорған қаласындағы 54380 әскери байланыс полкінде қызмет ететін жас капитан мергендігімен көзге түсіп отыр. «АК-74» автоматты қаруымен дәлдікке 100 пайыз тигізетін мергендігін тіпті генералдар да бірнеше рет тексеріп көрген екен.               Жас жауынгердің ата-анасын қабылдап, құрмет көрсеткен Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев, мерзімінен бұрын әскери шенін алу және  Қорғаныс министрлігінің ата-анасына арнайы медаль тапсыру рәсімі Алматы облысы бойынша тұңғыш рет өтіп жатқанын атап өтіп, «Мерзімінен бұрын әскери шенін беру бұрын тек соғыс жағдайында ғана болған екен. Жақысылық – бейбіт күннің батыр сарбазы. Алдағы қызметіне абырой тілеймін. Сен біздің мақтанышымызсың. Аудан тұрғындары атынан саған алғыс білдіремін,- деді.
       Айта кетерлігі, бала күнінен әскери адам болуды армандаған, әулеттерінен әскери салада тек өзі ғана қызмет ететін жас капитан Ж.Қызырхан Астана қаласындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеруге де  қатысқан.
Айман АСЫЛ.

 

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

        ...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРУ БАСТАЛДЫ

        ...

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ҮШІН ТАПТЫРМАС МЕКЕН!

        ...

1 МАУСЫМДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ КЕЗЕКТІ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

        ...

ЕЛ МЕРЕЙІНЕ БӨЛЕНГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС

        ...

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАДІР РАЯН МЕН БАҚТИЯРҰЛЫ НҰРӘЛИ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ!

       ЕРКІН ...

Өнерлі балалар арасында ән байқауы өтті

        ...

Семейде өткен дәстүрлі “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” байқауының жеңімпаздары анықталды

        ...

«ҒҰМЫРЫ ҒАЗАЛ – АҚЫН…»

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...