Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.АСАНОВ "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.АСАНОВ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.АСАНОВ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

       Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов «EL UMITI« бастамасымен «Елбасы медалі« бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған оқушыларды қабылдады.
       Аталған жобаның мақсаты — әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттерін, дарынын кеңейту үшін жағдай жасау.
       Ауданымыздың білімпаз жастары тұңғыш рет өткен ауқымды жобада жоғары көрсеткіштер көрсетіп, нәтижесінде Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ оқушысы Ахмет Азиза, О.Бапышев атындағы ЖОМ оқушысы Қалдарбек Айгерім, Х.Доспанова атындағы ЖОМ оқушысы Хожахметова Мадина, «Жаңа жол» ЖОМ оқушысы Әбдірахман Айдана, барлығы 4 оқушымыз жүлделі қола медаль иегері атанды.
        Салтанатты шарада аудан әкімі ауданымыздың даңқын асқақтатып жүрген оқушылар мен ұстаздарға алғысын білдіріп, ақ тілегін арнады.
       «Ауқымды жастар жобасына республикамыздың барлық өңірлерінен 14 пен 29 жас аралығындағы 11 мың жастар қатысты. Оның ішінде Түркістан облысынан қатысқан 80 үміткердің арасынан төртеуі жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде Сіздер барсыздар. Республика көлемінде өткізілген ауқымды жобаға белсене атсалысып, ауданымыздың даңқын асқақтатқан Сіздерге және ауданымыздың білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарға ерекше алғысымызды білдіремін!» -деді Бақыт Насырханұлы.
      Жиын соңында аудан әкімі Б.Асанов және аудандық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы М.Серікбаев жүлделі орын иеленген оқушыларды арнайы медалдармен марапаттап, оқушыларға сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, естелік үшін суретке түсті.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...