Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
МАҚТААРАЛДА КӨРІСУ КҮНІ АЛҒАШ РЕТ АУДАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » МАҚТААРАЛДА КӨРІСУ КҮНІ АЛҒАШ РЕТ АУДАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА КӨРІСУ КҮНІ АЛҒАШ РЕТ АУДАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

        14 наурыз — қазақтың ежелден келе жатқан ата салты Көрісу күні.  Биыл көрісу күні Мақтаарал ауданында алғаш рет аудандық деңгейде аталып өтті.

 

      Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова бастаған ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Берік Агенов және аудандық қоғамдық ұйымдардың басшылары Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген жаңа шағын ауданда болып, осында жаңадан қоныстанған жасы үлкен қариялардың шаңырақтарына көрісуге барды.

        «Биыл Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін жоғары деңгейде атап өту үшін 10 күндік іс-шара жоспарын құрған болатынбыз. Жоспарға сәйкес, бүгін бұрын соңды тойланбаған көрісу мерекесін аудандық деңгейде атап өтуді жөн көрдік. Себебі, бұл күні тұрғындар таңертеңнен бастап бір-біріне қонаққа барып, қол алысып, төс қағыстырып амандасады. Ренжіскен адамдар татуласып, араздық ұмытылады. Сондықтан, бұл мерекенің идеологиялық маңызы зор» — деді Алтын Күнтуқызы.
      Жалпы көрісу күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанысады. Әрбір үй таңертеңнен есіктерін айқара ашып, шаңырақта міндетті түрде дастархан жайылады. Көршілер бір-біріне қонаққа барады. Ауылдың  жастары мен жасы кішілері үйдің үлкендеріне көрісіп шығуға міндетті.
       Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні — Әз-Наурыз мерекесіне байланысты Мақтаарал ауданында 10 күндік іс-шара жоспары түзілген. Мәселен, 15 наурыз күні «Табиғат күні» деп аталып, ауданда жаппай сенбілік ұйымдастырылып, көшеттер егілетін болады.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...