Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАСЫ 100-ДЕН АСҚАН 2 КЕЙУАНА МАРАПАТТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЖАСЫ 100-ДЕН АСҚАН 2 КЕЙУАНА МАРАПАТТАЛДЫ

ЖАСЫ 100-ДЕН АСҚАН 2 КЕЙУАНА МАРАПАТТАЛДЫ

 Бүгінде Мақтаарал ауданында жасы 100-ге жеткен және 100-ден асқан 2  кейуана бар. Талай ұрпақ өсіріп, еңбегінің зейнетін көріп отырған шақта еліне игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісін танытып отырған еңбек ардагерлерін көктемнің жайма шуақ мерекесімен құттықтау үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі Айсулу Бекназарова арнайы барды.
       Жасы 100-ден асқан кейуаналарымыздың бірі — Алтын Абилдаева. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жалын ауылында тұратын қарт ана бүгінде 2 баласынан 12 немере, 33 шөбере, 8 шөпшек сүйіп отыр. Сонымен қатар, Атакент кентінде тұратын 105 жастағы кейуанамыз Азия Сердалиева 8 ұл-қызынан 37 немере, 118 шөбере, 30 шөпшек таратып, ұрпағымен мың жасап отыр.
      «Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге. Сіздер өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздердің ерен еңбектеріңізге, шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыз білдіреміз. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, ет жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі арта берсін!» — деді ізгі тілегін арнаған Айсұлу Ешанкуловна.
         Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан қарттарға ұдайы қамқорлық көрсетілуде. Аудан әкімдігі тарапынан зейнеткерлерімізге барынша қолдау білдіріп, әлеуметтік жағынан қорғалуына баса назар аударылуда. Аудан әкімі Бақыт Асановтың тікелей қадағалауымен ауданымызда ардагерлердің материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, денсаулықтарын нығайтуына жан-жақты көңіл бөлініп келеді.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...