Home » Әлеумет » МЕКТЕБІМІЗДЕ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР ЖЕТЕРЛІК

МЕКТЕБІМІЗДЕ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР ЖЕТЕРЛІК

     Біздің «Баяндай негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2020 жылдың қыркүйегінде барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, санаулы педагогтардың қатысуымен жаңа оқу жылының басталуына арналған  арнайы жиын болып өткен болатын.
        Сол жиын барысында алдымен мектебіміздің директоры Айсұлу Далмурадова апай сөзге шығып, 2019-2020 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысына талдау жасап, жаңа 2020-2021 оқу жылында атқарылуға тиіс міндеттерге қысқаша тоқталып өтті. Бөлім жетекшілері мен мұғалімдерге нақты тапсырмалар берілді. Жиналыста сондай-ақ, ғаламдық пандемияға қатысты елімізде қалыптасып отырған карантиндік шаралар мен оның республикамыздың білім беру саласына әсері  мен онлайн әдісімен сабақ берудің ерекшеліктері айтылды.
          Сол жиында сөз болған ең маңызды нәрсе, бұл әрине – ҚР Президенті, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»  атты Жолдауы болды. Директорымыз Айсұлу Қуанышқызы сол Жолдаудың еліміздің білім беру саласына арналған бөлігіне қысқаша тоқталып, оның мағынасын жан-жақты түсіндіріп берді. Баяндамасының соңында ол Президентіміздің «Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бас­тап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабыл­дадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді»-деген сөзін айтып, ұстаздар қауымын қуантып, олардың жұмысқа деген құлшыныстарын арттырды. Осы жиында одан бөлек мектептегі білім беру сапасын арттыруға қатысты да маңызды жайлар айтылған болатын.
         Неге дәл сол 2020-2021 жаңа оқу жылына арналған жиын еске түсіп тұр? Себебі, сонда біздің білім ордамыздың жаңа оқу жылында қандай бағытта жұмыс істейтіні айтылып, мұғалімдер қауымына соларды жүзеге асыруға қатысты нақты тапсырмалар берілген болатын. Ол сонысымен де ерекше маңызға ие. Сол уақытта мектебіміздің басшысы А.Далмурадованың заман талабын дәл сезіне отырып, педагогтарға  берген тапсырмалары  бүгінде өзінің оң нәтижелерін беруде.
        Оқу процессі кезінде мектебіміздің оқушылары негізінен онлайн тәсілмен сабақ өтіп жатса да, түрлі байқаулар мен сынақтарға қатысып, мақтанарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде. Олар тұрақты түрде онлайн түрде республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.
      Бүгінде білім ордамызда  оң нәтижелер көрсетіп, мектебіміздің жақсы қырынан танылуына үлесін қосып отырған жас мамандарымыз жетерлік. Жақында ғана, болашағынан зор үміт күттіретін жас маманымыз – қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айдар Табиғат аудан мектептері арасында Абай шығармаларын көркем оқудан өткен білім сайысында ІІІ-орынды иеленіп, қаржылай жүлдені иеленді. Ал, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Назерке Талғатова болса, биыл туғанына 175 жыл толып отырған  халқымыздың мақтанышы Жамбыл Жабаев атамызға арналған аудандық челенджге мектебіміздің атынан қатысып, өз арнауымен ІІ-орынды жеңіп, білім беру ордамыздың абыройын асқақтатты. Бастауыш сынып мұғалімі жас маман Батырбай Лашын да Абай оқуларына қатысып, жүлделі нәтиже көрсетіп қайтты. Мақтан тұтар тағы бір жас маманымыз – ұйғыр ұлтының өкілі Гулниса Исламова Абай өлеңдерін нақышына келтіре орындап, өнерімен жұртты тәнті етіп жүр.
        Бұл жерде, мектебіміздің мақтанышы, ұйғыр ұлтының өкілі – Қазақстан тарихы мен Құқық, Дінтану пәндерінің мұғалімі, жоғары білікті, арнаулы курстарды бітірген, сабақ беруден бай тәжірибесі бар, әріптестерінің арасында зор беделге ие педагог, әдіскеріміз  Рушангул Юсупованы да ерекше атап өткім келеді. Ол осындай кәсіби біліктігі жоғары, өз ісін жан-тәнімен жақсы көретін, әріптестеріне үйретері көп маман. Сонымен бірге, 6 сыныпқа арналған ұйғыр тілі оқулығының  авторы,  «Құрметті ұстаз» медалінің иегері, ұйғыр тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, ұйғыр ұлтының өкілі Идилова Ревизәм Максумовна  апаймен бірге жұмыс істеп жатқанымды өзіме мақтаныш санаймын.
       Қуантарлығы еліміздің басым бөлігінде пандемияның қарқыны бәсеңдеп, елімізде барлық санитарлық талаптар­ сақтала отырып, білім алудың қалып­тасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көше бастадық. Әрине, бұл жай оқушылардың сабақ үлгерімін жақсартуына себеп болса, ұстаздар қауымы өз біліктерін одан әрі шыңдай түсетіні анық. Демек, директорымыз Далмурадова Айсұлу Қуанышқызы басшылығымен мектебіміздің ұстаздар қауымы мен оқушыларымыз білім саласындағы жаңа биік белестерді бағындыра беретін болады.
Гүлжанат НАСИФУЛЛАҚЫЗЫ,
«Баяндай негізгі орта мектебі»  КММ-нің  
«Қазақ тілі мен әдебиеті»  пәні мұғалімі,
Баяндай ауылы, Ташкенсаз ауылдық округі, Еңбекшіқазақ ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...