Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛДЫ

КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛДЫ

       8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мақтаарал ауданында мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде аталды. Алдымен аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Сәрсекбаев бастаған ауданның жастары Мырзакент кентінің орталық көшесінде әжелер мен аналарға, қыз-келіншектерге гүл шоқтарын таратты. Бақыт Насырханұлының шынайы ықыласы гүл алған жандардың көңілін көтеріп, көктемгі жайма-шуақтың лебін сезіндірді.
        Шара барысында аудан басшысы аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінде өтіп жатқан «Алтын аймақ аруы» байқауына қатысып, мерекелік тілектерін айтып, байқауға қатысушыларға гүл шоқтарын табыс етті.
         Мұнан соң 23 әртүрлі саланың үздік жастарының басын қосқан мерекелік бас қосу өтті. Шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Амалбек Өміртай мен аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұловалар қатысты. Еркін форматта дидарласу, пікір алмасу түріндегі шара қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қоғамдық істерге белсене үлес қосып, түрлі салаларда жетістіктерге жеткен, игілікті бастамалардың басы-қасында жүрген түрлі ұлттардан шақырылған нәзік жандыларға сый-құрмет жасалып, мерекелік дастархан жайылды.
        Басқосу соңында кәсібі мен отбасының берекесін арттырып, оқуда үлкен жетістіктерге жетіп жүрген аруларға алғыс хаттар мен заттай сыйлықтар табыс етіліп, құрмет көрсетілді.
      Аудандық адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында ұстаздар қауымы да марапатталды. Салтанатты жиында аудан әкімі Бақыт Асанов білім саласының үздіктерін арнайы марапаттап, білімді ұрпақ тәрбиелеудегі істеріне табыс тіледі.
         Мерекелік шаралардың үлкені — Мырзакент кентіндегі «Мақтаарал» мәдениет үйінде болып өтті. Бұл салтанатты іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерді айтулы мерекемен құттықтады. Жиында белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарды ерекше ынта-ықыласымен атқарып жүрген және жастарды тәрибелеуде озық үлгі көрсетіп жүрген әйелдер қауымына аудан әкімінің құттықтау хаттары табысталып, сый-сияпаттары берілді. Сондай-ақ, салтанатты жиын нәзік жандылардың көңілін көтеруге бағытталған концерттік бағдарламаға ұласты.
       Мерекелік шараға орай, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруымен жер-жерлерде кейуаналарымыз бен ардагер әжелерге, белсенді еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге сый-құрмет көрсетіліп, түрлі шаралар өткізілді.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...