Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ БЕСІНШІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ БЕСІНШІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ БЕСІНШІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

        Жуырда Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы Консультациялық үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі-АҚҰҮО КҮК) бесінші мәжілісі өтті. Осы мәжіліс барысында КҮК төртінші мәжілісі хаттамалық тапсырмаларының орындалуын іске асыру мәселелері мен проблемалық аспектілері айтылып, КҮК мүшелеріне АҚҰҮО тарапынан жүргізілген мониторинг үдерісінде айқындалған ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттерінің нәтижелері ұсынылды.
     АҚҰҮО жүргізген талдау негізінде COVID-19 пандемиясы кезеңінде  азаматтардың дербес деректерін жинау мақсатында құрылған, мемлекеттік органдардың түрлі сервистерін ұқсастыратын алаяқтық және фишингтік ресурстар санының артқаны байқалғаны себепті кеңеске қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органды және «МТҚ» АҚ-ны сатып алынатын жаңа мемлекеттік сервистер туралы хабардар етуді бақылауға алу ұсынылды.
        Зиянкестер 2020 жылы шабуылдардың мынадай бағыттарын белсендірді –зиянды БҚ тарату, фишингтік шабуылдар, DDoS-шабуылдары.АҚ инциденттеріне дер кезінде әрекет ету нәтижесінде «Ботнет» түріндегіинциденттер саны 59,7%-ға азайғанын атап көрсету қажет. 2019 жылмен салыстырғанда, ИҚБШ (Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі) жабдығы мемлекеттік органдарға бағытталған шабуылдардың  3,5 есе артық санын тіркеп, оларға тойтарыс берді. Шабылдар саны 2019 жылы 154 млн. астам болса, 2020 жылы 593 млн. артқаншабуылдар саны тіркелді.
       «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу бойынша қызмет көрсету шеңберінде «МТҚ» АҚ мен өтініш берушілердің өзара іс-қимыл тиімділігін жоғарылату, сондай-ақ сынақтар жүргізу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және  қағаз құжат айналымы көлемін азайту мақсатында Synaq интернет – порталын құру арқылы «МТҚ» АҚ-ның сынақтар жүргізу бойынша қызметтер  көрсету механизмін автоматтандыру туралы ақпарат жарияланды.
27 ұйым мен мемлекеттік органдардың 48 КҮК қатысушысы  мәжіліске қатысты. КҮК қатысушылары мәжіліс аяқталған соң ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру мен АҚ қатерлеріне бірлесіп әрекет ету механизмдерін қалыптастыруға қатысты мәселелерді белсенді талқылады.
Анықтама үшін: АҚҰҮО-ның Консультативтік үйлестіру кеңесі 2019 жылдың маусым айында құрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарының, ақпараттық жүйелерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының талап етілетін деңгейін қолдау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бейінді мамандары қатарынан қалыптастырылған.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...