Home » Қоғам » ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ «ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ «ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

Қарағанды қаласында еліміз бойынша алғаш рет «Қазақ жігіттері күні» аталып өтті. Аталған бастаманы «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы қоғамдық жобасы қолға алды. 2019 жылы осы жоба аясында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттауға арналған «Қазақ күнтізбесінің» тұсауы кесілген болатын. Күнтізбеде халқымыздың салты мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған барлығы  20-дан аса атаулы күн белгіленіп, насихатталып келеді.
«Қазақ жігіттері күніне» орай,  қаладағы Ә.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтерді даярлайтын мектеп- интернатта оқушылармен арнайы дөңгелек үстел ұйымдастылып, оқушылар «Қазақ жігіттері қандай болуы керек? олардың ел алдындағы міндеті қандай?  және тағы басқа да осы сынды сұрақтар төңірегінде ой толғап, пікір бөлісті. Шара соңында оқушылар атаулы күнге орай өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, ән айтып, жырдан шашу шашты.
Ұйымдастырушылар шараға белсенді қатысқан болашақ ел намысын қорғайтын жас спортшылар Берік Нұржан, Махметов Әлемхан, Абдулин Данияр мен Қуандық Мұхаммедияр, Қайыржанов Заңғарға  «Қазақ күнтізбесін» сыйға тартты. Сондай-ақ өз сөздерінде аталған күннің жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролінің аса  маңызды екенін атап өтті. «Осы арқылы болашақ қазақ жігіттерінің бітім – болмыстары дәстүрлі қазақ қоғамының құндылықтарына негізделіп қалыптасады» – деген сенім мол дейді олар. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы қоғамдық жобасы аясында «Ердің 50 міндеті» атты қазақ жігіттерінің ар-ождан қағидаларын жарыққа шығаруға әзірленіп жатқандықтарын сөз етті. Аталған күн Қарағандыда осымен екінші жыл қатарынан аталып келеді. 
Нұржан Сұршаұлы,
Қарағанды қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...