Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ТЕХАСТА ЖАҒДАЙ ӘЛІ КҮРДЕЛІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлемде » ТЕХАСТА ЖАҒДАЙ ӘЛІ КҮРДЕЛІ
ВВС

ТЕХАСТА ЖАҒДАЙ ӘЛІ КҮРДЕЛІ

АҚШ президенті Джо Байден Техаста ауа райының күрт суытуына байланысты төтенше жағдай режимін жариялады.
Жайсыз ауа райының салдарынан АҚШ-тың осы штатында миллиондаған адам электроэнергиясы мен қажетті ауыз суға қол жеткізе алмай қалды. Сонымен бірге, қатты суықтардың кесірінен жолдардың жабылуы себепті  дүкендерге уақтылы тауарлар жеткізілмеуінен,  азаматтар қажетті азық-түліктерге қол жеткізе алмауда. Кейбір тұрғындар дүкендердің алдында 4-5 сағатқа дейін кезекте тұруға мәжбүр болған.
Енді осы төтенше жағдай режимінің арқасында  штат тұрғындары федералдық үкіметтен  тікелей қаржылық көмек ала алады, оның ішінде өздері тұрып жатқан тұрғын үйлері  мен оны жөндеу жұмыстары үшін де. Сенбі күні таңертең 13 миллион техастықтың әлі де ауыз суға қол жеткізе алмағаны, ал 80 000 адамның электр қуатына қол жеткізе алмағаны  жарияланды. Қатты суықтардың салдарынан ресми деректер бойынша 60 азамат қайтыс болды делінсе де, шындығында қайтыс болғандар мен бірге денесін суық шалғандар саны әлдеқайда көп деген деректер де айтылуда. Себебі, Техаста Мексика мен өзге елдерден келетін заңсыз мигранттар өте көп. Ал олардың арасында нақты қанша адамның қайтыс болғаны мен зардап шеккені белгісіз болып отыр. Осы аптада АҚШ-тың лңтүстік штаттарында соңғы 30 жылда болмаған суық ауа-райы орнады. Осы суықтан бәрінен бұрын Техас штаты қатты зардап шекті.
Мамандар нақты осы штаттың осындай қиындыққа тап болуының бірнеше себебін айтуда. Ең бастысы ретінде  жергілікті тұрғындардың тұрақ жайлары мұндай қатты суықтарға арналмағаны айтылуда. Олардың қабырғалары жұқа, ал үйді жылытуда тек кондиционерлер ғана қолданылады. Бір не екі қабатты үйлерде  камин пештер бар болғанмен, олар негізінен сәндік белгісі ретінде қабылдануда. Кейбір тұрғындар тіпті оны қалай тиімді пайдалануды да білмейтіні анықталды. Қатты суықтардан қорғану үшін тұрғындар кондиционерлерді барынша қолданулары салдарынан туындаған салмақтан  жергілікті электр станциялары қажетті энергияны бере алмаған. Электр энергиясы болмаған соң, ауыз сумен қамту жүйесі істен шығып, суықтан ауыз су трубалары  жарылып, нәтижесінде қосымша мәселе туындады. Ал штаттың электр энергия жүйесі өзге штаттардан дербес болғандықтан, көршілерінен көмек ала алмады. Бұдан бөлек жергілікті жерде  автокөліктерде негізінен «жазғы дөңгелектер» қолданылатындықтан, автожолдарда көктайғақ мұздардың салдарынан жол-көлік апаттары көп орын алған.
Штат басшылығы тұрғындарға басты қиындықтардың артта қалғанын, апат салдары тез жойылып, азаматтардың қалыпты өмірге қайтулары үшін барлық жұмыстардың қарқынды түрде атқарылып жатқанын мәлімдеуде.
Ербол МАҚСАТОВ,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...