Home » Қоғам » КӨГІМІЗДЕ ҚАЛЫҚТАСЫН БАҚ ҚҰСЫ

КӨГІМІЗДЕ ҚАЛЫҚТАСЫН БАҚ ҚҰСЫ

Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз, ол халқымыздың басына қонған бақ құсы. Биыл еліміздің егемен ел болғанына 30 жыл толады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Азаматтығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып,  болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет»,-деп айырықша атап көрсетті.
Расында да, өткен шаққа көз жіберетін болсақ отыз жылда еліміз талай қиын асулар мен белестерді бағындырғанын аңғарамыз. Қазақстанның іргетасы қаланып, ҚР Түңғыш Президенті  – Елбасының сарабдал саясаты арқасында мемлекетіміздің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Төл теңгеміз өмірге келді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қабылданды. Көрші елдермен барлық шекарамыз заңдастырылды. Ел аумағы ядролық қарудан толық тазартылып, бейбіт өмір сүруді басты ұстаным еттік. Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Елімізде шағын және орта бизнес қарқынды дами бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Елордамызды Сарыарқаның сайын даласына көшіріп, бүкіл әлем тамсана көз тіккен әсем, сұлу Астананы көркейттік. Қазіргі кезде Ақордамыз Нұр-Сұлтан қаласы деп аталады. Елімізге қомақты инвестиция тартылды. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қабылданып, озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуды межеледік. Соңғы жылдары мемлекетіміздің экономикасын одан әрі дамытып, нығайту үшін «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» т.б. ауқымды жобалар қолға алынды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық  дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда. Тұрғын үй құрылысы да жедел қарқынмен жүргізілуде.
Осынау қол жеткен жетістіктеріміздің бәріне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дұрыс сындарлы саясаты, басшылығы арқасында және халқымыздың даналығы мен парасатының бірлігі, ынтымағының нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ел Президенті Қ.Тоқаев аталмыш мақаласында, «Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез-келген істе әділет қағидатын  басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың  мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұстанымдағы әлеуметтік мемлекет дегеніміз – осы»,-деді. Мемлекет басшысының бұл пікірі әділетті мемлекет пен ашық қоғам құру, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен үндесіп жатыр.
Жақында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы басқосуында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тек мерейтой деп санауға болмайды, ең алдымен бұл тарихи оқиғаға идеялогиялық тұрғыдан қарауымыз керек дей келіп, бұл елеулі  мереке кезінде  құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол бермеуге, әрбір шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластырып өткізуге шақырды. Айтулы мереке кезінде атқарылатын іс-шаралардың дені жастарға  арналуы тиіс, біз жас буынның азаматтық белсендігін бәсендетпей, оларды жаңа мақсаттарға жұмылдырайық деді. Президент жастар саясатына арналған «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты біртұтас ұлттық жоба  әзірлеген жөн екенін атап өтті. Ел ішінде дарынды, талантты жастар көп, олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау қажет. Жастарымыз Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктеріне өздерінің де қатысы бар екенін сезініп, табыстарын мақтан тұтуы керек екенін жекізді.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты шаралар халыққа рухани серпіліс әкелуі қажеттігіне тоқталды. Осы орайда, ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың еңбегін кең көлемде насихаттау – аса маңызды жұмыстың бірі болмақ. Биыл Тәуелсіздіктің мерейтойына бірнеше атаулы дата тұспа-тұс келіп отыр. Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың – 175, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155, күш атасы Қажымұқанның – 150 және ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың – 90 жылдығы  мен т.б. тұлғалардың мерейлі күндерін атап өтуіміз керек. Сондай-ақ, миллиондаған адамның өмірін жалмаған 1921-1922 жылдардағы ашаршылық нәубетінен бері 100 жыл өтті. Бұған қосымша биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жарияладық. Мұның символдық мәні зор. Ал, 1991 жылы Семей полигоны жабылды. Бұл тек еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзаттың болашағы үшін айырықша маңызды шешім болды. Осы даталы күнге орай да арнайы іс-шара өткізуіміз қажет.
Сол жиында мемлекеттік нышандарға құрмет көрсету – Отаншылдықтың, Тәуелсіз елімізді жақсы көрудің айқын көрінісі екені айтылды. Осы орайда ел Президенті рәміздерді қолдану ережесін  қайта қарауды, қасиеті Туымызды  үй сыртына және басқа да көрнекті жерлерге ілуге тыйым салуға болмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді жаппай үйренуге, әз-Наурыз мерекесінде табиғат тазалығын сақтап, ағаш, гүл егуді қолға алуға үндеді. Бұл жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің тиімді  жолы екенін айтты. Тәуелсіздік мерекесінің басты тұжырымдамасы  –  «Жасампаздыққа толы жылдар» деп аталады. Жасампаздық идеясын кеңінен дәріптеу  басты назарымызда болады. Тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы Тұңғыш Президентіміздің тарихи рөлі, Елбасы саясатының сабақтастығы барлық іс-шаралардың идеялогиялық өзегі болмақ.
Біздер өз жұмысымызды осы бағытта дамытып, ел-жұртқа, әсіресе жастарға Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең ұғындыра білуіміз керек. Тәуелсіздік – ең қастерлі байлығымыз, бақытымыз, ел Президенті  айтқан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.
Тамара ТАШЕВА,
Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.    
 
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...