Home » Билік » МӘҢГІЛІК АЗАТ ЕЛ БОЛАЙЫҚ

МӘҢГІЛІК АЗАТ ЕЛ БОЛАЙЫҚ

Биыл егемен ел атанғанымызға 30 жыл толады. Тәуелсіздік күні – халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсап күткен аса қастерлі, жалпыұлттық мерекесі. Мың өліп,  мың тірілген қазақ халқының қаншама ауыр күндерді бастан кешкен бәрімізге белгілі. Ұлан байтақ жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын сақтау, Тәуелсіздігімізді баянды ету біздің қастерлі борышымыз.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осылайша Қазақстан атты тәуелсіз мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Осынау 30 жылда қазақ мемлекеті қиын-қыстау күндерді бастан өткере отырып, ірі жетістіктер мен толағай табыстарға қол жеткізді. Тұрақтылық пен бейбітшілік салтанат құрған елімізді бүкіл әлем танып ғана қоймай, қапысыз мойындады. Мұның бәрі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасы деп білеміз.
Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де маңызы да ерекше. Өйткені, біз егемендіктің нәтижесінде  тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ұлттық салт-дәстүрлерімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздерін қабылдадық. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі. Ал, Әнұранымыз елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырады. 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде ҚР Ата Заңы қабылданды. 1993 жывлы 15 қарашада ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Арқа төрінен жаңа астана салып, оны елімізді дамытудың күретамырына айналдырдық. Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы, киелі Түркістан, үшінші мегаполис Шымкент қалалары, облыс, аудан  орталықтары дамып, көркейе түсуде.
Бүгінгі күні еліміздің қарыштап дамып, мол табыстарға жетуі халқымыздың ынтамағы  мен бірлігінің арқасы. Олай болса, ынтымақ-бірлігіміз арта берсін. Тәуелсіздіктің бақ құсы заңғар көгімізде қалықтай берсін. 30 жылда әлем елдері санасатын, сыйлайтын, құрметтейтін елге айналдық. Ендігі мақсатымыз – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, қорғап, бабаларымыз аңсаған  мәңгілік азат ел болу.
Салима ТӘЖІБАЕВА,
Асықата архивінің басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...