Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
«ЖАЛҚАУЛЫҚ» АРҚЫЛЫ ДА МОЛ ТАБЫС ТАБУҒА БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлемде » «ЖАЛҚАУЛЫҚ» АРҚЫЛЫ ДА МОЛ ТАБЫС ТАБУҒА БОЛАДЫ

«ЖАЛҚАУЛЫҚ» АРҚЫЛЫ ДА МОЛ ТАБЫС ТАБУҒА БОЛАДЫ

Нарықтық экономикада «Сұраныс болса, ұсыныс та болады!» деген термин бар. Осыдан 30 жылдай уақыт бұрын АҚШ пен Батыс Еуропада «Бір сағаттық әке» деген мамандық болатын. Ол бала-шағасын жалғыз асырайтын бақуатты әйелдерге арналған қызмет түрі болатын. «Бір сағаттық әкелер» арқылы олар балаларына «әкелерінің бар екенін,  осы уақытқа дейін басқа елдерде жүргенін» көрсетіп, солардың көңілін аулайтын. Не болмаса.  Содан кейін үйлерінде ер азаматтардың қолынан ғана келетін жұмыстарды істететін «Бір сағаттық еркек», үй жұмысын тап-тұйнақтай ететін «Бір сағаттық әйел» мамандықтары шықты. Қазір мұндай қызмет түрлері біздің елімізде де бар. Ал енді Жапонияда  «ешнәрсе істемейтін адам» мамандығы пайда болыпты…
 Independent-тің жазуынша, Токионың 37 жасар тұрғыны Седзи Моримото 2018 жылы Твиттерде  ерекше хабарландыру беріпті. Физика саласынан ғылыми атағы бар, отбасылы жапондық сол хабарландыруында «Өзімді ешнәрсені істемейтін адам ретінде ұсынамын. Сізге дүкенге бару үшін серік керек пе? Әлде командаңызға ойыншы жетіспей ме? Болмаса сіз үшін кезекке тұратын адам қажет пе?»-деген сарында жазулар болған екен.
Таңданарлығы оның бұл жазбасы бірден көптеген адамның назарын өзіне қаратыпты. Алғашында өзінің қызметі үшін ақы алмаған ол кейіннен сұраныс артқан соң әр клиентінен 10 мың иен (бұдан бөлек жол ақысы мен түскі астың құны да бар) алатын болған. Екі жарым жылдың ішінде оның қызметіне 3 мыңнан астам адам жүгініпті. Яғни,  күніне орта есеппен 3-4 адамнан түскен екен. Осылайша ол 30 миллион иен пайда тауыпты.
Біреулер оны өздеріне серік ретінде жалдаса, екіншілері іштері пысқаннан, ал үшіншілері  онымен суретке түсіп, сол суреттерді мақтанышпен әлеуметтік желілерге салуды ойлапты. Тіпті кейбіреулер оны өздерін мазалап жүрген сырларын тыңдайтын «тындарман»ретінде жалдап, бойларын жеңілдетіп те алыпты.
С.Моримото «осы қызметте» көріп-білгендерін кітап етіп жазып шығарыпты. Бүгінде оның Твиттердегі оқырмандарының саны 300 мыңнан асып жығылыпты.
Алдағы уақытта мұндай «мамандықтың» әлемнің басқа елдерінде, соның ішінде біздің мемлекетімізде пайда болатынын болжауға болады. Себебі, өкінішке орай соңғы жылдары бізде де  қарапайым адами қарым-қатынасқа мұқтаж жандардың саны артып бара жатыр.
Мұхит САРЫБАЙ,
Атырау қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...

САНДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ОҚУ АНАЛИТИКАСЫ: МЕКТЕП БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ

        ...

ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

       Қазіргі ...