Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚЫШЫМАДАН САҚТАНЫҢЫЗ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Денсаулық » ҚЫШЫМАДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

ҚЫШЫМАДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Қышыма қотыр (чесотка) терінің жұқпалы ауруы. Оны тарататын қышыма қотыр кенесі болып табылады. Ол адамның терісіне жұққан бойда, өзіне орын «қаза» бастайды. Сол өзі «мекендеген» тұсқа жұмыртқа салады. Үш-төрт күннен кейін жұмыртқа құртқа (личинка) айналады.
Қышыма қотыр дерті өзгелерге онымен қарым-қатынас жасағанда,  төсек орынды, киім-кешекті, орамалды, сүлгіні, ысқыны (мочалка) т.б. заттарды бірге пайдаланғанда жұғады. Сондай-ақ, тиісті санитарлық тәртіп сақталмаса моншада, душта, жатақхана мен мейманханада да кышыма қотырға ұшырап қалуыңыз мүмкін.
Кеселдің алғашқы белгілері:
Дененің кей тұсы бой бермей дуылдап кышиды, үстін түрлі түйіршіктер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басады. Мұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен де, саусақ аралықтарынан да, тұла-бойдан да байқалады.Осындай белгі сезілді дегенше, уақыт оздырмай дәрігерге көріну керек. Қышыма қотырмен күресте дәрігерге уақытында көріну де, дер кезінде тыңғылықты емделу де, науқастың тұтынған заттарындағы паразиттің көзін жоюдамаңызды.
Сақтану шаралары:
Қышыма қотырдан аман болудың басты жолы тазалық. Апта сайын суға түсіп, іш киімді жетісіне бір ауыстырып түру шарт. Әсіресе біреудің іш киімін, қолғабын киюден аулақ болыңыз.
Қышыма қотырға шалдыққан адам ауруханаға жатпай, үйде емделсе, оның төсек-орыны, тұтынатын заттары басқалардікіне араластырылмайды. Кірлеген іш киімдері бөлек қалтаға салынады. Оларды 1-2% сода ертіндісі немесе кез-келген ұнтақ сабын қосылған, қайнап тұрған суда 10 минуттай қайнатып жуу керек. Дезинфекциялық заттар болған жағдайда олар дәрігер айтқан ертіндіге ғана салынады. Сырт киім тек үтіктеліп қана киіледі. Науқас жатқан бөлме 2 пайыздық сабын-сода ертіндісімен   (200 гр. кальциленген соданы 10 литрге араластыру қажет ) күн сайын сүртіледі. Ауру кісіге күтім жасап әйтпесе жатқан жерін жинап болғаннан кейін қол мұкият түрде сабындалып жуылады. Моншаға, душқа түскенде легенді, орындық пен сөрелерді ыстық сумен ыждағаттап шаюды ұмытпаңыз. Басқаның ысқысын, сыпыртқысын (веник) пайдаланбаңыз.
 Қышыма кеселінің белгілерін байқасаңыз, дәрігерге уақыт оздырмай көрініңіз. Жеке бастың және қоғамдық тазалық талаптарын сақтаған адамның ол аурудан тез айығатыны жадыңызда жүрсін.
 А.ЕРЖИГИТОВА,
Мақтарал аудандық
СЭББ-ның жетекші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...