Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕЛІМІЗДЕ 3D СОТ САРАПТАМАСЫ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЕЛІМІЗДЕ 3D СОТ САРАПТАМАСЫ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН

ЕЛІМІЗДЕ 3D СОТ САРАПТАМАСЫ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН

«Жыл сайын Қазақстанда 30 мыңға жуық аутопсия жүргізіледі», – деп мәлімдеді медицина ғылымдарының докторы, сот-медициналық сарапшы Франц Галицкий. Бұл туралы профессор «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау жөніндегі онлайн-дөңгелек үстел барысында айтты.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш еліміздің сот-сараптамалық құрамы үшін айтарлықтай жүктеме және бірқатар аймақтарда кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. «Аутопсия, яғни мәйітті сою санын азайтсақ,  маман жетіспеушілігі мәселесін шешеміз», – дейді дәрігер Галицкий.
Дүниежүзілік Банктің «Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту – сот сараптамасын күшейту» жобасының үйлестірушісі, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің провосты Сергей Пеннің пікірінше, виртуалды 3D-аутопсия дәстүрлі аутопсияға балама бола алады.
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі эксперименттік шара ретінде  томографтың көмегімен 3D-аутопсияны енгізуді жоспарлап отыр. Техникалық тұрғыдан алсақ шығыны аз емес, сондықтан еліміздің барлық өңірінде  бірден қолдану қиынға соғады.  3D аутопсия кезінде денеге пышақ тимей адам өлімінің негізгі себебі анықталады. Зерттеу барысында оның ішкі ағзаларына зақым келмейді», – деп хабарлады Сергей Пен онлайн дөңгелек үстелде.
Мәжіліске енгізілген заң жобасыҚазақстанның сот сараптамалық қызметін реформалау жолындағы үлкен қадам екенін ескере келе, ҚР Әділет министрлігі Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Тимур Исабеков3D аутопсия жеке сот-сараптама қызметінің жүйесін неғұрлым тиімді ететінін атап өтті.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...