Home » Экономика » ҚР АУМАҒЫНАН ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ АУМАҒЫНА ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕТУ КЕЗІНДЕ ТАУАРЛАРҒА ІЛЕСПЕ ЖҮКҚҰЖАТТАРДЫ (БҰДАН ӘРІ – ТІЖ) РЕСІМДЕУ

ҚР АУМАҒЫНАН ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ АУМАҒЫНА ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕТУ КЕЗІНДЕ ТАУАРЛАРҒА ІЛЕСПЕ ЖҮКҚҰЖАТТАРДЫ (БҰДАН ӘРІ – ТІЖ) РЕСІМДЕУ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Қаржы министрлігінің 16 қараша 2020 жылғы № 1104   «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына қол қойылды және Әділет министрлігінде Мемлекеттік тіркеуден өтті.
Осылайша, 2020 жылдың 31 желтоқсынан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдей бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
Тауарларға ілеспе құжаттар – бұл ілеспе құжат. Ол электрондық шот фактуралар ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда ресімделеді. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары үшін Еуразиялық экономикалық елдерімен тауарлардың экспорты мен импорты кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжатын ресімдеу қажет.
Манызды сәт, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекараны кескенге дейін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қажет.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарының артықшылықтарының бірі, бұл автокөлік өткізу пункттерінде құжаттарды сканерлеу қажеттілігінің болмауы. Бұл Еуразиялық экономикалық елдерімен шекарадан өту процесін жеделдетеді. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары болмаған жағдайда, тауарларды өткізу мониторингі навигациялық пломбаларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады. Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік тасымалдау кезінде пилоттық жоба қолданылмайды.
Пилоттық жоба 2020 жылдың 1 наурыздан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын міндетті енгізуге жұмсақ көшірілу үшін жүргізілуде.
Пилоттық жобаны жүргізілу кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайтынына назар аударғым келеді. Пилоттық жобаны жүргізілу кезенінде салық төлеушілер тауарларға ілеспе жүкқұжаттарымен жұмыс істеуге бейімделе алады. Өзінің есептік жүйелерін және сатып алушыларымен және жеткізушілерімен өзара іс-қимыл жасай алады.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу үшін не қажет?
1) біріншіден халыққа қызмет көрсету орталықтарын электронды цифрлы қолтанба алу;
2) екішіден электрондық шот фактуралар ақпараттық жүйесінде тіркелу;
3) үшіншіден электронды цифрлық көмегімен электрондық шот фактуралар ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісімге қол қою.
Электрондық шот фактуралар ақпараттық жүйесінде тіркеу және жұмыс істеу тегін жүзеге асырылады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда шенберінде Қазақстан Республикасының барлық экспорттаушылары мен Қазақстан Республикасының импорттаушыларын пилоттық жобаға қатысуға шақырамыз.
Сондай-ақ, пилоттық жоба акцизделетін тауарларды өткізу және өткізу кезінде, дүниежүзілік сауда ұйымының алып қою тізбесіндегі тауарларды және электрондық шот фактуралар виртуалды қойма модулі арқылы жазып берілетін тауарларды өткізу кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеуді көздейді.
Құрметті салық төлеушілер, тауарларға ілеспе құжаттар бойынша бірқатар маңызды сәттерді айтып өткім келеді.
Біріншіден. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары қандай жағдайларда ресімдеуге жатпайды?
1)ЕАЭО елдерінен және ЕАЭО мүше болып табылмайтын елдерден магистральды құбыржол және электр беру желілері бойынша тауарлар импорты мен экспорты кезінде;
2)ДСҰ-ның алып қою тібесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қайтарылатын ыдысты (возвратная тара) тией кезінде;
3) ЕАЭО-қа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы тасымалдауды бастау орны болып табылатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
Екіншіден. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары қандай мерзімдерде ресімделеді?
1) ЕАЭО-қа мүше мемлекеттерден тауарлар импорты кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
2) ЕАЭО-қа мүше болым табылмайтын мемлекеттерден тауарлар импорты кезінде – кедендік тазарту жүргізілген тауарларды тасмалдау, өткізу басталғаннан кешіктірмей;
3) ЕАЭО-қа мүше мемлекеттерге және ЕАЭО-қа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге тауарлар экспорты кезінде – тауарларды тасмалдау, өткізу басталғаннан кешіктірмей;
Үшіншіден. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын қандай жағдайларда қағаз жеткізгіште ресімдеуге болады?
1)салық төлеушінің орналасқан жері бойынша ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі болмаған жағдайда;
2)техникалық қателіктердің себебінен ЭШФ АЖ-де ТІЖ ресімдеу мүмкін емес болған жағдайда қағаз жеткізгіште ресімдеуге болады.
Басқа жағдайларда ТІЖ тек электронды түрде ресімделеді.
Төртіншіден.  Тауарлар импорты және экспорты кезінде ТІЖ растау.
1) Тауарлар импорты кезінде тауар алушысымен ТІЖ-ын ЭШФ АЖ-де тіркелген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде растайды немесе бас тартады.
2) Таурларды экспортқа шығару кезінде ТІЖ-ы растау талап етілмейді.
Сондай-ақ, манызды сәт, алтын өнімдерін қоспағанда, жеңіл автокөлік құралымен тауарларды импорты және экспорты кезінде ТІЖ ресімдеуге міндеттеме туындамайды. Жеңіл автокөлік деп – сыйымдылығы 9 адамға дейін және жүк көтеруі 3,5 тоннадан аспайтын жолаушылар мен бағаждарды тасмалдауға арналған көлік құралы түсініледі.
Құрметті салық төлеушілер – Еуразиялық экономикалық одақ шенберінде тауарлар импорты және экспорты кезінде ТІЖ-де ресімдеу бойынша пилоттық жобаға қатысуға шақырамын.
Мұхтар ШЫНДАУЛЕТОВ,
Мақтаарал ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
жетекші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...