Home » Әлеумет » МӘДЕНИЕТ ТЫНЫСЫ

МӘДЕНИЕТ ТЫНЫСЫ

Ұлттық құндылық – ел болашағы. Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер – сол ұлттың төл тарихы, мәдениеті, тілі, діні.
2018 жылы Мақтарал ауданы екіге бөлінгеннен соң, жаңадан бастау алып құрылған «Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»-не қарасты «Жетісай аудандық мәдениет үйі» бүгінде халыққа мәдени-тынығу қызметін көрсетуде жергілікті тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану жолында талантты жастардың шығармашылығын дамыту аясында түрлі ауқымды мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, аудан мәдениетін өркендетуді заман талабына сай дамытып, тұрақты жұмыс атқарып келеді.
Атап айтар болсақ,  2018 жылы 10  –  қарашада Түркістан қаласы  «Есімхан» алаңында  аудан  өнерпаздары  «Түркістанға  сәлем!» атты концерттік бағдарламасын Түркістан жұртшылығына паш етіп, елдің ыстық-ықыласына бөленді. Мұнда, концерттік бағдарламадан бөлек,  Жетісай ауданынан 100-ге  тарта қолөнершілер өз шығармаларынан арнайы көрме ұйымдастырып, көпшілікке тарту етті. Ал, 16-қарашада Жетісай қаласы орталық «Жастар» саябағында сол кезедегі облыс әкімі Ж.Түймебевтың арнайы қатысуымен «Алтын күз»  және 17-қараша Мақтарал ауданының 90 жылдық мерекесіне орай Атакент кентіндегі «Алпамыс» стдионында, Жетісай ауданы өнерпаздары «Мырзашөл-мырза елім» атты ауқымды мерекелік концерттер ұйымдастырды.
2019 жылы «Жастар жылына» орай,  30 – қаңтарда аудандық  дәстүрлі «Арай-2019» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы, 14 – ақпан күні  аудандық «Балдәурен –  2019» балаларға арналған әнші және мәдени іс – шара жүргізушілер байқауы, 13 – наурыз күні  аудандық  «Бұраң бел – 2019» бишілер  байқауы,  2 – сәуір күні «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы,   17 – сәуір күні  «Бір өлең – бір сурет» атты қылқалам шеберлері  байқауы,  30 – сәуір күні аудандық  «Екі жұлдыз – 2019» ән байқауы, 17 – мамыр күні аудандық «Жігіт сұлтаны – 2019»  өнерлі жігіттер байқауы,  22 – шілде  күні    қазақ  вальсінің каролі, ән әлемінің падишасы Шәмші  Қалдаяқовтың «Менің  Қазақстаным» атты  ән байқауы, 23 – шілде күні «Күй құдіреті» атты аудандық күйшілер байқауы, 27 – тамыз  күні  «Терме – бойтұмарым»  атты аудандық термешілер  байқау өтсе, 12 – қыркүйек күні  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық  мақалалары аясында облыстық «Жаңа тыныс» фольклорлық  ансамбльдер фестивалі, 01-қараша күні облыстық «Мырзашөл жұлдыздары -2019» жас эстрада әншілері байқауы өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өнерлі жастардың шығармашылығын шыңдай түсті.
2019 жылы аудандағы мәдениет саласы қызметкерлері жас таланттардың шығармашылығын  шыңдау жұмыстары нәтижесінде, облыстық бірнеше  байқаулардан  жүлделі орындарды иемденді. Атап айтар болсақ: ақпан айында облыстық «Балдәурен-2019» балаларға арналған әнші және мәдени іс-шара жүргізушілер байқауы бойынша, Жетісай ауданынан Шолпан Насырбек іс-шара жүргізушілер бойынша І-ші орынды жеңіп алса, әншілер үшін Нұрсәуле Үсенбекова ІІІ-ші орынды иемденді.
Қыркүйек айында,  «Жаңа тыныс» фольклорлық ансамбльдер фестивалінде жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін, «Мереке» халықтық ұлт-аспаптар ансамблі, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Ғалым Утегеновтың арнайы дипломымен марапатталды. Қазан айында, Шардара ауданында өткен  ҚР –ның мәдениет қайраткері Бейсембек Бибосынов атындағы облыстық «Халық әні-қазынам» атты халық және дәстүрлі әндер байқауында жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін Жетісай ауданынан қатысқан өнерпазымыз Нұрболат Маменов, Шардара ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды. Қараша айында, ҚР Тұңғыш Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және жастар жылы аясында ұйымдастырылған облыстық «Мырзашөл жұлдыздары-2019» жас эстрада әншілері байқауында үздік өнер көрсеткені үшін, ауданымыздың жас талантты өнерпаздары Абылай Аманбаев бас жүлдені иемденсе, Азамат Асқар «Рухани жаңғыру» номинациясын жеңіп алды. Ал,  Шардара қаласының 55 жылдығына арналған «Шырқалсын Шардараның әндері» атты облыстық ән байқауында Жетісай ауданынан  қатысқан  Нұрболат Маменов  «Ең үздік Шардара туралы әнді орындаушы»   номинациясымен марапатталды. Желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылған «Сәлем саған, Түркістан» облыстық өнер фестивалі аясында өткен балаларға арналған би байқауында жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін, Жетісай ауданынан  «Шаттық» би ұжымы І-ші орынды жеңіп алса,  осы фестиваль аясында жасөспірімдер арасындағы классикалық ән орындаушылар байқауы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін, Жетісай ауданынан  Сиқымбай Бекасыл ІІ-ші орынды иемденіп қайтты.
Осындай қарқынды жұмыстар нәтижесі 2020 жылы да, өз жалғасын тапты.  Өздеріңізге белгілі 2020 жылы барша қазақ елі, ұлы тұлғаларымыздың мерей тойларын атап өтті.  2020 жылдың  26-ақпан күні Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «Ғасырлар сыр шертеді» атты Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жыл,  Ұлық ұлыс – айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл, Абай Құнанбайұлының 175 жыл, Ұлы Жеңістің  75 жылдық және осы тарихи мерекелеріміз қарсаңына тұспа-тұс келген ҚР мәдениет қайраткері, композиторлар одағының мүшесі, «Сырдария» университетінің профессор, Жетісай аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жетісай сазы» халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің  жетекшісі Бөрі Исаның 75 жылдық мерей тойларын кең ауқымда атап өтті.
Сонымен қатар,  27 ақпан күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламалық мақаласы аясында және ұлы ақын, ағартушы  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын ел тұрғындары арасында кеңінен насихаттау мақсатында,  аудандық «Асабалар сайысы-2020» өнерлі асабалар сайысы, 11-наурыз күні  аудандық «Шебер қолдар тартуы» атты жасөспірім балалар арасында қылқалам шеберлері байқауы ұймдастырылды.
Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы наурыз айының орта тұсынан бастап, каронавирис індетіне байланысты  елімізде төтенше жағдай жарияланды. Осы тұста  қызметкерлердің 70-80 пайызға жуығы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Міне, осындай қиын сәтті жағдайларды жан-жақты дер кезінде ескере отырып, мекемеміздің шығармашылық қызметкерлері, халыққа рухани азық, көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында, онлайн форматта  әлеуметтік желілер бағытында өз жұмыстарын одан әрі жандандыра түсті. Мысалы,  8-мамыр күні, «Жеңіс туы желбіре!» атты Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай онлайн режимінде концерттік бағдарлама, 15-мамыр  күні Халықаралық мүгедектерді қорғау күніне орай «Нұрлы сезім» атты онлайн режимінде концерттік бағдарлама,   18- мамыр күні  «Бұраң бел-2020» атты  онлайн режимінде жасөспірім бишілер байқауы, 28-мамыр  күні «Жігіт сұлтаны 2020»онлайн режимінде  өнерлі жігіттер байқауы, 29-мамыр  күні аудандық «Күй құдіреті» атты онлайн режимінде  күйшілер байқауы, 10-маусым күні «Әл-Фараби мәдениет тарихында» атты Әбу Насыр Әл-Фарабидің  1150 жылдығына арнап,  онлайн режимінде   әдеби сазды кеш, 30-маусым күні «Жетісайым – жер жұмағым» атты онлайн режимінде аудандық жас ақындар жыр мүшәйрасы, 9-шілде күні  «Жазғы кеш көңілді» атты жазғы демалыстағы жасөспірім балаларға арналған онлайн режимінде концерттік бағдарлама,  15 шілдесі күні «Менің Қазақстаным» атты ұлы композитор Ш.Қалдаяқовтың әндерінен онлайн режимінде аудандық байқаулар  ұйымдастырылды.
 16-шілдеден бастап, аудандағы мәдениет үйлері бойынша шығармашылық қызметкерлерінің жеке ән кештерін әр апта сайын  ұйымдастырып,  онлайн режимінде, тікелей эфир арқылы халыққа ұсынып келеді. Абай Оралбеков «Мен қазақпын», Абылай Аманбаев  «Қоңыр әуен», Азамат Асқар «Елге арнау» Айгерім Жақсылықова   «Бұлбұлым» Әзберген Әйтешов «Жүректі ән тербесе…», Марал Серікбаева «Сағындырған әндер-ай!», Гүлсара Буршанова  «Аппақ гүлдер», Қанат  Үсенбеков «Сазды әуен», Венера Избасханова  «Бақытты әйел» және тағы басқа да   өнерпаздарымыздың  жеке ән кештері бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып өтіп келеді.
Сонымен бірге, 23-қыркүйек күні  Елбасының сыныптасы, Мақтаарал ауданының тұрғыны, бүгінде Мырзашөлдіктердің анасы атанған  Роза Төлемісова мен арнайы кездесу кеші өтті. Бұл кездесу кешінің рөлі ерекше, себебі Елбасының сыныптасы  Роза Төлемісова мен кең ауқымды сұқбат жүргізіліп, Елбасының өмір жолы тарихы  көпшілікке кеңінен насихатталды.
Карантиндік талаптарды одан әрі сақтай отырып, біз қыркүйек айында ауылдық мәдениет ошақтары арасында, Шәмші қалдаяқовтың 90 жылдығына орай, «Шәмшінің бір әні» атты Шәмші әндерінен арнайы бейнебаяндар байқауын,  1-қазан күні Халықаралық қарттар күніне орай «Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»-нің басшысы Ғ.Жорабеков пен мекемеміздің басшысы П.Тажибаева, аудандағы  қазыналы қарияларымыздың отбасына арнайы барып,  қарттрамызды мерекемен құттықтап, сый-сыйапаттар мен көтеріңкі көңіл күй сыйлап қайтты.
6-шы қазан күні  «Отбасы татулығы – отанның  ажырамас бөлігі» атты  аудандағы өнерлі  жас  отбасылар арасында өнер байқауы , 9-қазан  күні   «Айгөлек – 2020» ән-би байқауы,  15-қазан  күні «Мырзашөлім-мырза өлкем!» атты  аудандық  жас  эстрада әншілер байқауы онлайн режимінде ұйымдастырып,  халықттың өнерге деген қызығушылығын одан әрі  арттыра түскендей болды.
Осындай жұмыстар нәтижесінде 2020 жылы да, аудан өнерпаздары облыстық, республикалық   бір қатар байқауларға  қатысып, жүлделі орындарды иемденді. Тамыз айында өткен  облыстық «Бір әннің тарихы» атты Шәмші әндерінен бейнебаян  байқауында өнерпаздарымыз «Сыған серенадасы» әнінің тарихына бейнебаян түсірілімін жасап, арнайы жүлдемен марапатталды. Облыстық «Менің туған жерім» атты  жас суретшілер байқауында, Жетісай ауданынан қатысқан Еркебұлан Назарымбетов жүлделі  ІІ-орынды жеңіп алды. Қыркүйек айында өткен  облыстық «Текті сөздің төресі – терме» атты жас термешілер байқауында, ауданымыздың жас талантты да, дарында  өнерпаздарының бірі Абылай Аманбаев жүлделі ІІІ-орынды иемденді. Ал, биылғы ең үлкен жетістіктеріміздің бірі Республикалық дәстүрлі «Рухани қазына-2020» атты фестивалі аясында, бізге қарасты, «Бірлік» ауылдық мәдениет үйі (директоры Б.Ділдәбекова)  арнайы жүлде мен марапатталып, жүлде қоры – 500 мың теңгені иемденді.
Ия, алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктермен аудан мәдениетін одан әрі асқақтату жолында бар күш жігерімізді салып аянбай еңбек ете береміз деген сенімдеміз.
Б.ОРАЛБЕКОВ,
«Жетісай аудандық мәдениет үйі»-нің мәдени ұйымдастырушысы. 
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...