Home » Мерекелік шара » ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ!

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ!

          Жетісай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  аудандық Мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.                 
       Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Тәуелсіздігіміздің арқасында мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүріміздің жанданғаны баршамызға аян.
      Міне, Тәуелсіздігімізді ту етіп, 2020 жылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық,  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойларын атап, халық арасында ұлы тұлғаларымыздың шығармаларын кеңінен насихаттай білдік.
        Осындай шаралардың жалғасы ретінде Жетісай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен 2020 жылдың қазан айының 12-29 аралығында Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты ауылдық кітапханалар арасында, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы және Қазақ хандығының 555 жылдығына арналып,  «Жылдың ең үздік кітап көрмесі – 2020» атты байқауы; Желтоқсан айының  5-сі мен 7-сі  аралығында, аудан асабаларының өзіндік кәсіби шеберлігін шыңдауына ықпал ету, ұлттық салт-дәстүрімізді асабалар арқылы жаңғырту мақсатында, алғашқы рет онлайн форматта «Мырзашөлдің үздік асабасы-2020» атты аудандық байқау және 11 желтоқсан күні Жетісай ауданының «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» ұйымдастыруымен,  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  ауданымыздағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында онлайн форматта «Әлем таныған ұлы Абай» атты аудандық байқаулар Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды.
       Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздарды  марапаттаудан алдын Жетісай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Тәуелсіздік меркесіне арнап концерттік бағдарлама ұсынды. Б.Кеттебековтің сөзіне жазылған С.Мәжімбековтің «Көк бөрі» әнін Кенжебай Айтбай, Серікзат Дүйсенғазиннің сөзіне жазылған Медет Салықовтың «Ұлы Отаным» әнін, Асқар Азамат, Абай Оралбеков, Әйгерім Жақсылықова, Мадина Ерманова, Халық әні «Айқаракөз» әнін Әзберген Әйтешов, Абылай Аманбаев, Қанат Үсенбеков, ауданымызға танымал топ «NR триосы», «Шынарым» атты әндерін орындаса, мерекелік  іс-шараны одан әрі қызықты өткізу мақсатында жүргізуші Ә.Әйтешов пен А.Оралбеков, викториналық сұрақ-жауап ойындарын ұйымдастырды. Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғалымжан Жорабеков пен Жетісай ауданының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан құрылған мәдениет саласы ардагерлер ұйымының  төрағасы Мұхтар  Құралов жиынға қатысушы мереке қонақтарын ҚР Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтап, жоғарыда аталған байқаулар бойынша барша жеңімпаздарды марапаттап өтті.
        Атап айтар болсақ, 11 желтоқсан күні «Әлем таныған ұлы Абай» атты аудандық байқау бойынша Ш орын иегерлері «Санұр»  қоғамдық  телеарнасының  редакторы Бекболат Сатуов және ҚР Журналистер  одағының   мүшесі Бауыржан Найманов, жүлде қоры – 25,000 теңгеден (50,000 теңге). II орын иегері «Жеті сыр»  қоғамдық саяси  газетінің   тілшісі  Бағдат  Оразхан, (жүлде қоры –  30,000 теңге), I орын иегері «Жаңа Жетісай»  аудандық  қоғамдық-саяси  газетінің  жауапты хатшысы Эльмира Усербекова, (жүлде қоры – 45,000 теңге), бас жүлде иегері «Өркен» ақпараттық газетінің  тілшісі  Перуза Тультаеваға  жүлде қоры – 55,000 теңге көлеміндегі сертификаттар мен дипломдар табысталды.
        Бір айта кетерлігі қазан айының 12-29 аралығында Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты ауылдық кітапханалар арасындағы «Жылдың ең үздік кітап көрмесі-2020» атты байқауы бойынша ІІІ-орын иегері «Жылы су» а/о, «Жылы су» ауылындағы №8 кітапханасының меңгерушісі Назира Ержигитова, жүлде қоры -30,000 теңге, ІІ орын иегері Қызылқұм а/о, Қызылқұм ауылындағы №14 кітапханасының кітапханашысы Гүлнар Нарбекова, жүлдер қоры – 50,000 теңге, І орын иегері Қарақай а/о, Қ.Сәтбаев ауылындағы №1 кітапханасының меңгерушісі Розия Сугралиева, жүлде қоры – 70,000 теңге, бас жүлде иегері «Жаңа ауыл» а/о, Ынтымақ ауылындағы №9 кітапхананың меңгерушісі Алимаш Тунгишбаева жүлде қоры 100,000 теңгелік  сертификаттар мен дипломдар табыс етілді. Қалған қатысушы кітапханашыларға да арнайы дипломдармен бірге 10,000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.
        Ал, желтоқсан айының  5-і мен 7-сі  аралығында өткен «Мырзашөлдің үздік асабасы –2020» атты аудандық байқау  бойынша ІІІ-дәрежелі асаба дипломымен Алмаш Момбекова, (жүлде қоры – 30,000 теңге),  ІІ- дәрежелі асаба дипломымен Кенжебай Айтбай, (жүлде қоры –50,000 теңге) және   «Мырзашөлдің үздік асабасы-2020» І-дәрежелі дипломымен Жандарбек Жұманов, (жүлде қоры – 70,000 теңгелік сертификат) марапатталды. Сондай-ақ, арнайы жүлде қорынан бөлек асабаларға өзіндік шеберліктеріне сәкес, төмендегіше номинациялар табыс етілді. «АРДАГЕР АСАБА» дипломымен Асқар Елшиев, «ТАЛАПТЫ АСАБА» дипломымен Ербол Ниязбеков, «МАЙТАЛМАН АСАБА» дипломымен Қауымбай Нарзиев, «АЛДАСПАН АСАБА» дипломымен Қанағат Құмарбеков, «БЕСАСПАП АСАБА» дипломымен Арыстанбек Назарбек, «АҚТАҢГЕР АСАБА» дипломымен  Мақсат Осыпанов, «ЖҮЙРІК АСАБА» дипломымен Шыңғыс Срайлов, «ТАПҚЫР АСАБА» дипломымен Досбол Иманбетов, «АРҒЫМАҚ АСАБА» дипломымен Төлеген Шымыров, «ШЕШЕН СӨЗДІҢ ШЕБЕРІ» дипломымен Нұржан Үсейнов марапатталды. Бұл байқаулардың жалпы жүлде қоры 630 мың теңгені құрады. қаржылар байқауға қатысушы өнерпаздардың өнерге деген ықыласын арттыру, ынталандыру мақсатында өткізілді. Аталған байқаулардың қорытындысы қазылар алқасының шешімімен шығарылды.
Мерекелік шара соңында қорытынды сөз кезегін алған аудандық әжелер алқасының төрайымы А.Қоңырбаева айжамал апайымыз, Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғалымжан Жорабеков бастаған ұжымға ерекше алғысын білдіріп, алдағы істеріне шығармашылық табыс тіледі. Мерекелік іс-шара  «Nur saule» классикалық өнер мектебінен құралған хор ұжымының орындауында С.Әуесханның сөзіне жазылған И.Ескендірдің «Біргеміз» әнімен аяқталды.
ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ
ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...