Home » Әлеумет » АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ

АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ

Жас мұраты, білім, тәлім талабы…
Өнер, оқу – жастықтың қару жарағы
І. Жансүгіров
Бүгінде Мақтаарал ауданында 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 31342  адамды, яғни аудан халқының 24 пайызын құрайды. Оның ішінде 16074 ер (12,5%), 15268 –әйел(11,5 %). Ал кентті жерде тұратын жастар саны 8507 адам болса, ауыл жастарының саны 22835-сі құрап отыр. Ұлттық құрамы бойынша қазақ ұлтының жастары 24249, тәжік ұлтының жастары 2761, орыс ұлтының жастары – 701,          3631 тағы басқа өзге ұлт өкілдерінің жастары тұрады. Ауданда 3 арнаулы орта оқу орындарында  1393 студент білім алады. Аудан бойынша 56 мектепте  27471 оқушы білім алады. 2020 жылы 1680 оқушы 11 сыныпты бітірушілері.  
Ауданымызда  «Жүректен жүрекке еріктілер клубы» жұмыс жасайды. Жалпы клубта 175 ерікті  жас мүшесі бар. Еріктілердің көмегімен «Жас келсе іске», «Табиғат – тіршіліктің нәрі», «ЕGO challenge» республикалық жастар экологиялық акциясы, «Біз – жастар Рамазан айында алкогольдік ішімдіктерідің сатылуына қарсымыз!», «Жан жылуы» және 1-қазан Халықаралық «Қарттар күні» орай  қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Ерітілер жылына орай барлық 7 бағыт бойынша іс-шаралар қызу өткізілуде.
Еріктілер клубына мүше әрбір арнаулы орта оқу орындарындағы және аудан жастарынан  құралған еріктілердің көмегімен 68 жалғызілікті қарттардың үй жұмыстарына көмектесіп, ескірген есік-терезелері мен қораларын сырлау жұмыстары жүргізіліп және азық-түлікпен  қамтамасыз етті.  Елімізде орын алған  соvid -19 пандемиясына қарсы тұрғындар арасында 6500 үнпарақшалар таратылып, 3000 дана ескертпелер ілініп,  түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудандағы «Нұрлы жол», «Рзуан ана», «Жан-Көркем» және «Қазына 1» балабақшаларының қызметкерлері мен ауданның ерікті жастары бетперде тігуге  және  аудан тұрғындарына таратуға атсалысты. Қазпочта, Банк терминалдары, дәріханаларда  кезекке тұрған тұрғындарға бетперде, ара қашықты сақтау, антисептикалық құралдарды пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Аталмыш шараға 500-ге тарта азамат тартылды.
 1 мамыр күні таңертең Өзбекстан Республикасының көршілес Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, Мақтаарал ауданының бірқатар елді мекендерін тасқын су басты. 2020 жылы 2 мамырда төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, №36 жалпы орта мектеп базасында Түркістан облысы әкімдігі және «Нұр отан» партиясының қолдауымен, жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде «Біргеміз, Мақтаарал!» волонтерлар штабы құрылды. Волонтерлардың көмегімен 20000-нан астам бетперделер мен антисептикалық құралдар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындар, жасөспірімдер мен балалардың қорқынышын сейілтіп, жақсы өмірге үмітін арттыру мақсатында ерікті психологтар арнайы тренингтер мен ойындар ұйымдастырылды.
Он күн ішінде “Біргеміз, Мақтаарал!” волонтерлар штабы 1100-ден астам тұрғынға, 150-ге жуық отбасыға 50 тоннаға жуық азық-түлік, қажетті киім-кешек, құрал-сайман, тұрмыстық, жеке гигиеналық заттармен жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетті.                                         Ал 2020 жылы  ауданымызда  қылмыс пен құқықбұзушылықтың  алдын алу бойынша аудандық прокуратура, Жергілікті полиция қызметінің юве­налды полиция бөлімшесі және білім бөлімінің  бірлескен     іс-шара жоспарына сәйкес  әр аптаның соңғы үш күндігінде яғни жұма, сенбі, жексенбі күндері  сағат  20:00 – 02:00 аралығында  рейд жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді. Түнгі профилактикалық рейдтер барысында анықталған жастардың түнде тұрғын үйден тыс болуы бойынша   жалпы 70  рейд жүргізіліп, 175 жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәмелет жасына толмаған баланың құқығын пайдалану бойынша (автомойка, кафе, тойхана, сауда орындарында) рейдтік жұмыстарымен қатар  ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар  келімсектер мен қайыршыларға қарсы рейдтік іс-шаралар өткізілді. Жастар мен ата-аналардың арасында «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында 12 семинар-тренингтермен кездесулер өткізіліп профилактикалық жұмыстар жүргізіліп. Жалпы 2920 жас қамтылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары мен студент жастарымен кездесулер және  сауалнамалар жүргізілді. Төтенше жағдайлар бөлімімен  бірлесіп жастар мен жасөсіпірімдердің жазғы уақытта суға шомылу барасында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам шығын болдырмау мақсатында Жалпы 33  рейд өткізіліп, 95 жастар мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Арнайы тақырыпқа сәйкес қысқа метражды видеороликтер дайындалып, әлеуметтік желілер мен жергілікті телеарналарда көрсетілді.  Ауданда пробация бөлімімен іс-шара жоспары бекітіліп, пробация есебінде тұрған жастарға мемлекеттік бағдарламалар, спорттық, құқықтық, психологиялық семинар-тренингтер және де әр айдың 5 және 20 күндері еспете тұратын жастармен кездесулер өткізілді.
Ауданымызда жастарды салауатты өмір салтын насихаттау, зиян әрекеттерден алдын-алу мақсатында 2020 жылы 20 спортық сайыстар мен турнирлер ұйымдастырылып, 2445-ке жуық жас қамтылды.
Келеңсіз  жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алуға бағытталған 9,10,11 сынып оқушылары арасында аутодеструктивті оқиғаларды болдырмау мақсатында    57 семинар-тренингтер өткізіліп, 3880 оқушы қатысты және келеңсіз жағдайлар мен жатқылықтардың алдын алу мақсатында аудан әкім Б.Асановтың  тапсырмасына сәйкес арнайы жұмысшы топ   құрылып,  ата – аналармен 12 кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Кенттер мен ауылдық округтерде «Бала тәрбиесі үшін жауапты отбасы ма, әлде мектеп пе?», «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде», «Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлай білейік»,     15 мамыр- Халықаралық отбасы күніне» орай «Тәрбие бастауы – отбасы»  тақырыбында дөңгелек үстел, кездесулер өткізіліп 48 ата-ана, мектеп ұжымы және зиялы қауым өкілдері қатысты. Жеке мәселелер бойынша 62 жеке қабылдау жүргізілді. Сонымен қатар «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторы» жұмыс жасауда. 2020 жылдың басынан бері жастар арасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатында «Отбасы тәрбие бастауы», «Отбасы – бақыт мекені», «Үлгілі отбасы елге өнеге», «Бүгінгі бала, ертеңгі – ата-ана» «Қызды қырық үйден тыю» тақырыптарында  67 кездесу өткізіліп, 1248 жас отбасылар қатысты.
Діни экстремизм мен кереғар ағымдардың алдын алу бағытында жастар арасында  «Дін және Жастар» тақырыбында білім беру мекемелерінде   29 кездесу ұйымдастырылып,  2155 жас қамтылды. Кездесу барысында  2000  дана үнпарақшалар тарқатылып, сауалнамалар алынды.
Жастарды ақпараттандыру бойынша түрлі сала қызметкерлерден тұратын арнайы топтар құрылып, жастарды жұмыспен қамту, құқық бұзушылықтың алдын алу, діни тұрақтылықты сақтау, ұлттар арасындағы достықты  нығайту, жастарға арналған «Дипломмен ауылға!», «Жастар іс-тәжірибесі», «Болашақ», «Серпін» бағдарламаларын насихаттау мақсатында 11 кенттер мен  ауыл округтерде кеңес беру, түсіндіру жұмыстарына бағытталған  15 семинарлар  өткізілді.
Дарынды жастарды дамытуға және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 44 мәдени көпшілік іс-шаралар мен байқаулар өткізілді. Атап айтсақ «Ерлік елге мұра», «Алтын аймақ айбары», «Үздік жүргізуші – 2020», «Күз аруы – 2020», «Абай оқулары», «Мемлекеттік рәміздер менің мақтанышым»,  «Ұлы даланың жалынды жастары!», «Тәуелсіз елімнің нұрлы таңы» т.б. байқаулар мен мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді.  Сонымен қатар ауданымызда әр жастың өз қызығушылығына байланысты «Жас еріктілер клубы», «Жалын» дебат клубы «Жайдарман» клубы,  «ОҚЫРМАН»  жас кітап сүйер оқырмандар клубы жұмыс жасайды.
С.КЕНЖЕБАЕВ,
Мақтаарал аудандық
Жастар ресурстық орталығының»
басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...