Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«КӨРШІНІҢ ТАМАҒЫ ТӘТТІРЕК ПЕ?» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » «КӨРШІНІҢ ТАМАҒЫ ТӘТТІРЕК ПЕ?»

«КӨРШІНІҢ ТАМАҒЫ ТӘТТІРЕК ПЕ?»

Әр мемлекеттің ресми белгілері – мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Ата заңы секілді, мемлекеттік тілі де айырықша маңызға ие. Ол көп жағдайда сол мемлекетте өмір сүріп жатқан басым ұлттың тілін құрайды. Мысалға Англияда ағылшын, Францияда француз тілі дегендей. Ал, біздің елімізде ол мемлекетте тарихы отаны болып табылатын және ел халқының басым бөлігін құраушы қазақ ұлтының тілі болып табылады. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бізде мемлекеттік тілмен қатар, ел аумағында мол қолданыстағы орыс тілі  де ресми түрде ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып танылды.  Алайда, елімізде көп жағдайда осы қарым-қатынас тілінің мемлекеттік тілге қарағанда басым түсіп жатқан кезі болып жататын. Мемлекеттік тілдің ауқымын кеңейтуге арналған кешенді жоспарлар түзіліп, олар ел аумағында  кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.
Бір қуантарлығы қазірде егемендіктің алғашқы жылдарындағыдай емес, мемлекеттік тіліміздің кеңісі кеңіп, осы тілде сөйлейтін ел тұрғындарының үлес саны артты. Бұған басты себеп, еліміздегі миграциялық процесстер дер едім. Орыс тілінде сөйлейтін ұлт өкілдерінің басым бөлігі 1990 жылдар мен 2000 жылдардың басында өздерінің тарихи отандарына оралды. Сол кеткен азаматтардың орнына өз кезегінде елімізге бұрыңғы КСРО мен таяу шет мемлекеттерде мекендейтін қандастарымыз көптеп келе бастады. Нәтижесінде орыс ұлтының өкілдері көп шоғырланған солтүстік облыстарда да, қазақ ұлтының саны жылдан-жылға артуда. Бұл жай республикамыздағы орыс тіліндегі мектептердің санын күрт қысқартып, орнына қазақ тілді білім ордаларының санын арттырды. Тіпті кей елді мекендерде жалпы білім беру ордаларының жетіспеушілігі байқалуда.
Әрине осыларға қарап, «бізде бәрі тамаша!» деп айтуға да толық болмайды. Мемлекетік тіліміздің көсегесінің дамуына әлі де өзіміздің кейбір қандастарымыз  жанама түрде өз зиянын тигізуде. Өздерін «көзі ашық, озық  ойлы  азамат» санайтын олар,  ұл-қыздарын мемлекеттік тілді білім ордасынан гөрі, орыс немесе арнайы түрде ағылшын тілін үйрететін мектептерге беруде. Бұған сол баяғы «қазақ тілді мектептерде білім беру сапасы нашар»-деген қате түсінік себеп. Алайда, «Барлығы да ұрпағымның болашағы үшін!» дейтін ондай ата-аналардың өзге тілде оқып, білім алған балаларында кейіннен өз ұлтына, Отанына деген сүйіспеншіліктің аз болатынына мән бере бермейді. Олар Елбасының атақты «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын бұрмалап, оның орыс және ағылшын тілін терең меңгертуге арналған бөлігін ғана мән беріп, ал қазақ тілін кеңінен үйренуге арналған жеріне онша назар аудармауда. Өкінішке орай, елімізде тұратын кейбір өзге ұлт өкілдері де сондай теріс пікірде болып, әлі де мемлекеттік тілді үйрену тек қазақ ұлтының ғана міндеті ретінде санауда.
Әрине, мен қандастарыма өзге тілдерді үйренбе демеймін, бірақ ең алдымен жас буын бастауыш білімді таза мемлекеттік тілде алып, содан кейін ғана өзге тілдермен шұғылдануы керек деген ойдамын. Сонда ғана жастарымыздың бойында Отанға деген патриоттық сезім жоғары болары анық. Бұған жапондық білім беру жүйесі нақты мысал бола алады. Әлемдегі экономикасы қарқынды дамыған елде оқушыларға алдымен мемлекеттік тілде білім алып, олардың бойларында мемлекетке, Отанға деген құрмет әбден сіңірілген соң ғана барып, оларға шет тілдер үйретіледі.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді дамытуға қатысты кезекті кедергі, соңғы жылдары ана тілімізге еніп жатқан кірме сөздердің көптігі мен ұлттық идеялогиямызға жат ақпараттар ағынының молдығы дер едім. Ал, ғаламдану жағдайында мемлекеттік тілдің әлемдегі қуатты тілдердің (мысалға ағылшын, орыс, араб  не қытай тілдері секілді)  «көлеңкесінде қалып кету» қаупі жоғары. Соның алдын алу үшін қыруар жұмыстар атқаруымыз керек деп санаймын.
Мемлекеттік тілдің абыройын асқақтатуға арналған іс-шараларды жеделдету керек, бұл бағытта жұмыстарды БАҚ-пен танымал әлеуметтік желілерді кеңінен қолдануымыз қажет. Сонымен бірге, әлемдік маңызды іс-шаралар мен жұрт қызығушылықтарын тудыратын  телесериалдар, көркем фильмдер тек мемлекеттік тілде көрсетілуі, ел аумағына таратылатын шетелдік арналардың көрсетілу уақытын азайтып, орнына отандық арналардың санын арттыруға тиіспіз.  Ғаламдану құбылысының арқасында еніп жатқан кірме терминдер мен қолданыстағы сөздердің баламаларын мемлекеттік тілде ел арасына тарату қажет. Олардың мағынасын көпшілікке қарапайым түрде жеткізе білуіміз қажет. Сол арқылы халық арасында «Көршінің тамағы барлық уақытта тәтті бола бермейтінін»,  «Қолдағы бар алтынымыз» – мемлекеттік тілдің қадірі күшті екенін, оны біз көтермелемесек, өзгелердің онымен айналыспайтынын түсіндіруіміз қажет. Яғни, мемлекеттігімізді, өзіндік болмысызды сақтап, тарихтан лайықты орын алғымыз келсе, онда басты құндылықтарымыздың бірі – мемлекеттік тілді дамытуымыз қажет.
Жомарт ҮМІТБЕКҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...