Home » Қоғам » БҰЗАҚЫЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ АУЫЗДЫҚТАЙМЫЗ?

БҰЗАҚЫЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ АУЫЗДЫҚТАЙМЫЗ?

      Өкінішке орай, кейбір елдімекендерде халқымыздың көзі көріп, құлағы естімеген бұзақылық іс-әрекеттер болып жатады. Олар есебін тауып ұрлау- тонау, қарсылық көрсеткеді ұрып-соғып, өлімше қылып өлтіріп те кету сияқты әрекеттер.
    Мен сол бұзақыларға, әсіресе адам өлтіріп, құтылып кеткендеріне бір-екі күннен соң көпшілікпен бірге сол ұрланып тоналып, адамы өлтірілген үйге барып, өз көздеріңмен көріңдерші, қандай жағдайда күй кешіп жатыр дер едім. Әрине сендер ол үйден еңіреген жардың, шырылдаған баланың, аңыраған ананың, қасірет шеккен әкенің көз жасын көресіңдер. Көргенде, сол қайғы-қасірет өз үйлеріңде болып жатқандай сезінесіңдер, мүмкін Алла тағаланың адам баласымен бірге жаратқан обал-сауап, жанашырлық деп аталатын сезімдерден жүректерінде бірдеңе оянар ма еді, қайтер еді.
     Алла   тағала  «Адам баласын бір-біріне көмектесіп, қуанышты, қызықты өмір сүру үшін жараттым»-дейді ғой. Істеп жүргендеріңді осы Алланың бұйырған мақсатымен салыстырып көріңдерші дер едім. Сендер бүгін ұрлық, зорлық арқасында той-тойлап, ән салып жүргендеріңмен, ертең сол қайғы-қасірет өз үйлеріңе тап болмасына кім кепілдік бере алады?
    Алла тағаланың «Рахымсызға рахым жасалмайды, мейрімсізге мейрім етілмейді» деген қағидасына не деп жауап бересіңдер? Тағы да «Біреуге жамандық қылған кісі, осы дүниенің өзінде-ақ сазайын тартады» деген бұйрығынан қалай құтыласыз? Халық арасында ұрлау, тонау үстінде біреуді-біреу өлтіріпті, оларға 15-20 жыл беріп, түрмеге жауыпты десе, ондай адамдар жер басып жүруге лайық емес, неге атпады, дарға аспады дейді. Мұны көпшілік халық, адал жолда азамат болып өсіп келе жатқан жастарымызға  айтады.
Біреуді қуаныш-қызығынан айырып, соның арқасында сен қалай бақытты бола аласың? Ол бақыт емес, сол жазықсыз жандардың көз жасы мен қарғысы ғой. Ол бостан-босқа кетпейтін қарғыс қой, одан еш уақытта құтыла алмайсың.
    Қорыта келгенде, бұзақылық іс-әрекеттерге баратын адамдар жөнінде мынадай шараны іске асыруды ұсынамын. Ауылдық жерлерде шығарған  «үкім-бұйрығы» халық сотынан да жоғары болып саналатын бұрынғы қазақ халқының әділқазы – билер ұйымын құруымыз қажет. Бұл ұйымның мүшелері көпті көрген ақыл-ойлы қарттар мен азамат болып өсіп келе жатқан жастарымыздан құрылуға тиісті. Бұл қазы-билер ұйымы бұрынғы қазы-билердің қылмыскерлерге беретін жаза үлгілеріне сүйене отырып, қазіргі жағдайымызға сәйкестіре келе, өз жазалау заңын, үкімін бекітіп, халыққа жария етуі қажет. Қылмыскерлер заң органында мойындаған қылмысты істерін қазы-билер басқарып отырған. Халық жиналған ашық алаңда қайталап мойындарына алып, халық сұрауларына жауап беріп, ұрлаған, тонаған заттарын сол жерде, көпшілік алдында иелеріне тапсыруға міндетті. Қазы-билеріміз қылмыстың ауыр-жеңілдігін ескере отырып, оларды дүрелеу жазасының бірін бұйырып, сол жерде орындатады. Сонан кейін бұдан былай бұзақылық іс-әрекеттер жасамайтындарына анттарын алады. Егер жасай қойса, жазаның екі есе көбейтіліп берілетіні ескертіліп тұтқыннан босатылады. Әрине, адам өліміне байланысты берілетін жазалар аса ауыр болып, олар да сол жерде орындалуы керек. Бұл жазалардың қазіргі қолданылып жүрген жазалардан артықтығы, айырмашылығы, әке-шеше, туған-туыс, қатар-құрбылары қатысып отырған. Жиналған халық алдында бұзақы, ұрлықшы, тонаушы, адам өлтіруші атанып, ар-ұяттан жұрдай болып, талқыға түсіп жазаланады. Бұл жазаның әсері 10-15 жылға кесіліп түрмеге түскеннен  кем тимесе керек. Және де бұл жазалардың тәлім-тәрбиелік жері басқа да бұзақылық істеуге барушылар үшін де өте жоғары болар еді дегім келеді.
      Екіншіден жазалағандар түрменің есігін көрмей- ақ, аттамай-ақ тәртіпті, тәрбиелі жастарымыздың қатарына қосылуларына мүмкіндіктері молая түсер еді.
     Тағы бір көтергелі отырған мәселе, қазіргі кездегі ұрлықшы, тонаушыларды тауып, тұтқындап, тексеру барысында, ішінде оларды басқарып жүрген адам  болмаса, оны табамыз деп әлекке түсуіміз, іздеп тапқан уақытта, оған ең жоғары жаза беріледі де (10-15), қалғандарына 3-4 жыл беріп іс бітті дейміз. Мұны әділетті жаза деп есептеуге болмайды.Олардың барлығы бірдей жазалануы тиісті. Оны мынадай мысалдармен дәлелдеуге болады. Айталық 4 адам, ішінде басқарушысы да бар, бір үйді тонап жатыр. Егер үстіне үй егесі кіріп қалса барлығы бірігіп, үй иесін ұрып-соғып өлімші қылып тіпті өлтіріп те, қолына іліккен дүние мүлікті алып, ешкімнен сескенбей кете береді. Егер тонаушы біреу ғана болса, үй ішінен қалай қашып құтылудың амалын іздеген болар еді. Сондықтан ұйымдасқан қылмыскерлердің барлығы бірден жазалануға тиісті деп есептемейтін. Ендігі жағдайда жоғарыда айтылған сөздердің кәзіргі заманға жараса қоғамдық кеңестердің іс-шараларына және заңдарына, медиацияның іс-шараларына және заңдарына өзгерістер енгізіп халық билігі қолына қосылса екен деп санаймын. Бұған қалай қарайсыздар құрметті оқырмандар?
Е.Ж.ЖАНТӨРЕЕВ,
Атакент кенті ардагерлер кеңесінің  төрағасы,
Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...