Бүгін, 29 қараша күні, елімізде өтіп жатқан сайлауға байланысты 6506 әскери бөлімінде де дауыс беру ұйымдастырылды.
Әскери бөлім аумағында орналасқан №89 сайлау учаскесінде әскери қызметшілер өздерінің азаматтық таңдауларын жасап, дауыс беруге қатысты. Сайлау процесі белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің дауыс беруіне қажетті жағдай жасалды.
Бүгінгі сайлауда 6506 әскери бөлімінің 953 сарбазы дауыс беріп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосты.
Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар үшін азаматтық міндетті орындау – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.
Әскери қызмет – Отанға адалдықтың, ал азаматтық таңдау – ел тағдырына бейжай қарамаудың белгісі.
Бүгінгі дауыс беру әскери қызметшілердің азаматтық белсенділігі мен қоғам өміріне қатысуының айқын көрінісі болды.