GTA VI ОЙЫНЫ АНГЛИЯ МЕКТЕПТЕРІНДЕ САБАҚҚА ҚАТЫСУ КӨРСЕТКІШІНЕ ӘСЕР ЕТТІ
Автор: Қалмұрат
Әлем бойынша миллиондаған ойыншы асыға күткен Grand Theft Auto VI (GTA VI) бейнеойынының жарыққа шығуы Англия мектептеріндегі сабаққа қатысу көрсеткішіне де әсер еткен. The Telegraph басылымының хабарлауынша, ойынның тұсаукесері өткен күні мектепке келмеген оқушылар саны әдеттегіден шамамен 35 мыңға артқан.
Басылым келтірген мәліметтерге сәйкес, дүйсенбіден сәрсенбіге дейін оқушылардың орта есеппен 91,3 пайызы сабаққа қатысса, бейсенбі күні бұл көрсеткіш 88,8 пайызға дейін төмендеген. Осылайша, көптен күткен ойынның жарыққа шығуы жасөспірімдердің бір бөлігінің сабақтан қалуына себеп болған. Мектеп әкімшіліктері мұндай жағдайдың алдын алу үшін ата-аналарға арнайы ескерту хабарламаларын жолдап, балалардың сабаққа қатысуын қадағалауды сұраған.
Кейбір оқу орындары оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабаққа келгендер арасында арнайы ваучерлер ойнатуды жоспарлаған. Тіпті Бирмингем қаласындағы мектептердің бірінде сабаққа келмеген балаларды шағын автобуспен үйлерінен жеткізу мүмкіндігі де қарастырылған. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, сабаққа қатысу көрсеткішінің төмендеуіне тосқауыл қою оңайға соқпаған.
Англиядағы 1 415 орта мектеп пайдаланатын Arbor жүйесінің деректеріне сүйенсек, ойын шыққан күні сабаққа келмеген оқушылар саны айтарлықтай көбейген. Әсіресе ұл балалар арасында сабақтан қалу көрсеткіші жоғары болған. Дегенмен бұл статистика елдегі барлық мектепті қамтымайды, сондықтан нақты көрсеткіш бұдан да жоғары болуы ықтимал. Бір назар аударарлығы, GTA VI ойынына 18+ жас шектеуі қойылған. Соған қарамастан, оған жасөспірімдер тарапынан қызығушылықтың жоғары болғаны байқалады.
Grand Theft Auto VI – Rockstar Games студиясы әзірлеген әлемге танымал ойын сериясының жаңа бөлімі. Оның шығуы ойын индустриясындағы ірі оқиғалардың бірі ретінде бағаланып отыр. Бұл жағдай цифрлық ойындардың жасөспірімдер өміріндегі орны мен олардың күнделікті тәртібіне ықпалын тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды. Әрине, заманауи технологиялар мен ойын-сауық индустриясының дамуы заңды құбылыс. Алайда жас ұрпақтың білім алуына, уақытын тиімді пайдалануына және жауапкершілігіне нұқсан келмеуі тиі