Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

         Мақтаарал ауданында мал шаруашылығын дамытуға бағытталған игі бастамалар жүйелі жалғасуда. Биыл ауданның бірнеше ауылдық округінде бір мезгілде сегіз жаңа ветеринариялық пункттің құрылысы қолға алынып, ауыл тұрғындары үшін аса маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Бұл – төрт түлік саулығын қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдегі ветеринариялық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам.
         Түркістан облыстық Ветеринария басқармасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында бүгінгі таңда Ж.Нұрлыбаев, А.Қалыбеков, Еңбекші, Достық, Жаңа жол, Бірлік және Мақтаарал ауылдық округтерінде ветеринариялық пункттердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес атқарылып, нысандарды сапалы әрі уақытылы пайдалануға беру басты назарда.
        Бұл жобаның ерекшелігі – құрылыс жұмыстары «BATSU» компаниясының жеке қаражаты есебінен жүргізілуде. Алдағы уақытта дайын нысандар мемлекет теңгеріміне сатып алынатын болады. Бұл – мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тиімді тетіктерінің бірі ретінде ауылдық жерлердегі әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты қадам.
       Жаңа ветеринариялық пункттер заманауи талаптарға сай жобаланған. Ғимараттарда ветеринариялық мамандардың жұмыс кабинеттері, дәрілік заттарды сақтауға арналған арнайы қоймалар, пункт меңгерушісінің жеке кабинеті, санитарлық торап, жуынатын бөлме және қызметкерлердің тынығуына арналған арнайы бөлме қарастырылған. Мұның барлығы мамандардың сапалы қызмет көрсетуіне қолайлы жағдай жасайды.
      Сонымен қатар, пункттердің сыртқы аумағы да толықтай ветеринариялық жұмыстарды жүргізуге бейімделеді. Мұнда малды ветеринариялық өңдеуге арналған арнайы бассейндер, сырғалау, вакцинациялау және тіркеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік беретін бекіту құрылғылары орнатылады. Бұл жабдықтар ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін арттырып, жануарлар мен мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
       Мал шаруашылығы – Мақтаарал ауданы халқының негізгі табыс көздерінің бірі. Сондықтан ветеринариялық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі ауыл тұрғындары үшін ерекше маңызға ие. Бұған дейін кейбір елді мекендерде мұндай инфрақұрылымның жеткіліксіздігі белгілі бір қиындықтар туғызған болса, жаңа ветеринариялық пункттердің пайдалануға берілуі бұл мәселені кезең-кезеңімен шешуге жол ашады.
       Мамандардың айтуынша, сапалы ветеринариялық қызметтің қолжетімді болуы жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алуға, профилактикалық іс-шараларды уақытылы жүргізуге, мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өңірдегі эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтауға оң әсер етеді. Бұл өз кезегінде мал басының сақталуына, өнім көлемінің артуына және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеруге ықпал етпек.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...