Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

            Мақтаарал ауданында халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жобалар жүйелі жүзеге асырылуда. Осы мақсатта аудан әкімі Бақыт Асанов,  Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдауси ауылына арнайы барып, жаңадан пайдалануға берілген әкімшілік ғимараты мен тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.
         Сапар барысында аудан басшысы алдымен заманауи талаптарға сай салынған жаңа әкімшілік ғимаратын аралады. Қазіргі таңда Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты жаңа ғимаратқа толықтай қоныстанып, тұрғындарға қызмет көрсетуді бастап кеткен.
         Қызметкерлермен кездескен аудан әкімі жаңа нысанның басты мақсаты – мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып, тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге жағдай жасау екенін атап өтті.
        Жалпы аумағы 24,78 сотық жерді алып жатқан әкімшілік ғимаратта тоғыз қызметтік кабинет, мәжіліс залы, кең қабылдау бөлмесі және санитарлық торап қарастырылған. Сонымен қатар нысан табиғи газ, электр қуаты және кәріз жүйесімен толық қамтамасыз етілген.
           Іссапар аясында аудан әкімі Фирдауси ауылында бой көтеріп жатқан жаңа тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен де танысты.
          Жоба аясында 100 пәтерді құрайтын 50 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Қазіргі таңда жаңа шағынауданда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жол құрылысы жалғасуда. Мамандар жол негізіне геосинтетикалық материалдар төсеп, асфальт жабындысын белгіленген мерзімде аяқтауды жоспарлап отыр.
         Әр тұрғын үй 7 сотық жер теліміне орналасқан. Жалпы ауданы 63 шаршы метрді құрайтын баспаналарда үш тұрғын бөлме, ас үй, кіреберіс және санитарлық торап қарастырылған. Жаңа тұрғын алабы ауыз су, табиғи газ, электр желісі және автомобиль жолдарымен толық қамтылған.
       Аудан басшысы құрылыс сапасына, инженерлік инфрақұрылымның толық жүргізілуіне және абаттандыру жұмыстарының уақытылы аяқталуына ерекше назар аударып, жауапты сала басшылары мен мердігер ұйымдарға барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
        Айта кетейік, жаңа тұрғын үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға ипотекалық және жалдамалы тұрғын үй ретінде ұсынылады. Бұл жоба ондаған отбасының баспана мәселесін шешумен қатар, Фирдауси ауылының әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға елеулі үлес қоспақ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Мақтаарал ауданында жаңа оқу ...