Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
СЕМЕЙДЕ ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КІТАПХАНА ЕСІГІН АШТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СЕМЕЙДЕ ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КІТАПХАНА ЕСІГІН АШТЫ

СЕМЕЙДЕ ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КІТАПХАНА ЕСІГІН АШТЫ

            Семейде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерейтойлық онкүндік аясында ерекше маңызды әлеуметтік-мәдени нысан – көру қабілеті шектеулі азаматтарға арналған арнайы кітапхананың жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
        Инклюзивті кеңістік «Самұрық-Қазына» қорының демеушілігімен 410 миллион теңгеге салынды. Жалпы аумағы 852 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат заманауи стандарттарға сай жабдықталып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың барлық сұранысына бейімделген.  Жаңа кітапхана Брайль қарпіндегі әдебиеттер, дыбыстық кітаптар мен арнайы тифлотехнология кабинеті, коворкинг залдары, оқу кеңістіктері және электронды каталог жүйесімен қамтылған. Қазіргі таңда, кітапхана қоры 41 мыңнан астам кітапты құрайды.
          Шараның ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, мемлекеттік мекеме және қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі Ерік Қайратбекұлы қатысты.
            Облыс әкімі өз сөзінде бұл жобаның маңызына тоқталып, оны инклюзивті қоғам құру жолындағы нақты әрі ілкімді қадам ретінде атап өтті.

          Кітапхана директоры Гүлнара Сұлтанқызы: «Бұл — тек кітапхана емес, қоғамдағы ерекше жандардың шығармашылығын, білімге деген құштарлығын дамытуға арналған толыққанды орта. Мұнда зағип және нашар көретін азаматтар өзін еркін сезініп, рухани тұрғыда байи алады», – деді.
        «Шамшырақ» клубының меңгерушісі Марат Әлиасқаров: «Заманауи инфрақұрылымы бар мұндай нысан – көзбен емес, жүрекпен көретіндер үшін шын мәніндегі үлкен мүмкіндік. Бұл — қоғамның бізді естігені мен қолдағанының айғағы», – деді.
          «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал өкілі Ерік Қайратбекұлы: «Инклюзивті бастамаларды қолдау – біздің партияның басты қағидаттарының бірі. Бұл кітапхана – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілген шынайы қамқорлық пен тең мүмкіндіктер жолындағы нақты істердің көрінісі», – деп өз ой — пікірін ортаға салды.
           Айта кетейік, партия өкілі Ерік Қайратбекұлы БАҚ-на сұхбат беріп, партия атынан құттықтау лебізін танытып, аталған рухани-мәдени шараның маңызына тоқталып, «Кітапқа екінші өмір сыйла!» жобасы жайын тілге тиек етті.
           Кітапхана маңайы толық абаттандырылып, кіреберіс жолдарға асфальт төселіп, жасыл желектер отырғызылды. Мұның барлығы – ерекше жандардың қоғамда белсенді өмір сүруіне жасалған игі жағдай.
         Осындай игі бастамалар ары қарайда өз жалғасын таппақ.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

Мақтаарал ауданында құқықтық көмек көрсетілуде

       Мақтаарал ...

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІГІН БАРЫНША ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК

        ...

АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

      Адамгершілікке ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

        ...

«АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ – 2025»: АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ

       Қарағанды ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН КОЛЛЕДЖ АРАЛЫҚ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ

     Жуырда «IT ...

ТӘУЕКЕЛДІҢ ДЕ ӨЗ ОРНЫ БАР…

        ...

ТІЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ЕЛ БІРЛІГІ

            Жетісай ауданының білім ...

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

        ...