Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АНАҢДЫ СЫЙЛА, ОЛ – СЕНІҢ ТІРЕГІҢ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » АНАҢДЫ СЫЙЛА, ОЛ – СЕНІҢ ТІРЕГІҢ!

АНАҢДЫ СЫЙЛА, ОЛ – СЕНІҢ ТІРЕГІҢ!

          Ана – мейірім мен махаббаттың символы. Ана – бұл өмірдің бастауы, мейірім мен махаббаттың мәңгілік символы. Ол баласының дүниеге келген сәтінен бастап оның қорғаны, тәрбиешісі және ең жақын жанашыры болады. Ананың жүрегі әрдайым сүйіспеншілікке, жанашырлыққа, қамқорлыққа толы.
        Сол себепті де, біздің №37 Еңбек жалпы білім беру мекемесінде  аналарымызға қатысты шығармашылық іс-шаралар, шеберлік сабақтары және ардақты аналармен кездесулер сияқты қызықты жиындар жиі ұйымдастырылып тұрады.
        Бұл іс-шаралардың бәрі де ананың отбасындағы рөлін ерекше атап көрсетуге, қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған. Ана кез-келген отбасында –аяулы жар, қоғамда айтары бар, түрлі салада еңбек етіп жүрген яки зейнет жасындағы аналардың перзент тәрбиесі, ша­ңырақ шаттығы туралы ойлайтын тұлға.
        Ана махаббаты шексіз, ол өз баласына өмір бойы мейірімін төгуден жалықпайды. Қандай жағдай болмасын, ана баласына қолдау көрсетіп, оны ақылымен, жылуымен, тәрбиесімен дұрыс жолға бағыттайды. Халық даналығында «Жұмақ ананың табанының астында» деп айтылуы бекер емес. Бұл ананың өмірдегі ең қымбат жан екенін дәлелдейді.
        Қазақ халқы әрдайым ананы ерекше құрметтеген. Ата-бабаларымыз «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деп бекер айтпаған. Ана баласы үшін өз өмірін қиюға да дайын. Оның тәрбиесі мен мейірімінің арқасында бала жақсы азамат болып өседі.
       Ананың жүрегі – әлемдегі ең нәзік жүрек. Ол баласының қуанғанын қалайды, ауырса бірге қиналады. Сол себепті анаға әрдайым алғыс айтып, оның қадірін білуіміз керек. Оны тек 8 наурыз мерекесінде немесе туған күнінде ғана емес, күн сайын құрметтеу – әрбір перзенттің парызы.
          Ана – өмірдің шуағы, жанұяның тірегі, баланың алғашқы ұстазы. Әрбір анаға құрмет көрсетіп, оның мейіріміне шынайы алғыс айту – біздің міндетіміз.
         Әлемде ана махаббаты – ең таза, ең шынайы сезім. Бұл сезімге ештеңе де тең келмейді. Сондықтан ананы қадірлейік, құрметтейік, оның әрбір айтқан сөзін жүрекке түйіп, өмірде жақсы адам болуға ұмтылайық. Ананың жүзіне қуаныш ұялату – әрбір баланың ең үлкен бақыты.
          Қорыта айтар болсам, мектебімізде аналарға қатысты өтілетін түрлі мәдени іс-шараларда оқушыларымызға жоғарыда айтылған жайларды  айта отырып, оларды аналарының қадірлерін білуге шақырамын. Ал, қыздарға болашақта «Ана» деген атқа лайық болуға шақырамын.
Аппазова Дүйсенкүл Алипбековна,
№37 Еңбек ЖББМ КММ кәсіби бағдар беруші.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...