Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

         Түркістан облысы білім басқармасының 18.02.2025 жылғы және Білім беруді дамыту орталығының  ағымдағы жылғы 21 ақпандағы №292 шығыс хаттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» базасында мектеп жасына дейінгі балалардың өрт қауіпсіздігі бойынша дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын күшейту мақсатында, №11 «Жеңіс»  мектеп-гимназиясы  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің  мектепалды «А» және «Б» сыныптарының тәрбиешілері – А.Айтбаева және Н.Сұлтанбек «Біріңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясына байланысты іс-әрекет өткізді.
         Бұл шараның мақсаты:  мектеп жасына дейінгі балаларға өрт қауіпсіздігі туралы түсінік беру, олардың қауіпсіздік шараларын дұрыс орындауға дағдыландыру, өрт туындаған жағдайда алғашқы әрекеттерді дұрыс жасауға үйрету, балалардың өрт қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру. Қауіпсіздік ережесімен толық таныстыру болды.

        Сабақ барысында шәкірттерімізге өрттен сақтандыру жолдары көрнекіліктердің көмегімен жан-жақты түсіндірілді. Оларға өртке тұтанғыш заттарға жоламау керектігі, өрт болған жағдайда міндетті түрде ол туралы ересектерге хабарлау керектіктері түсіндірілді. Сондай-ақ, солар тарапынан сұрақтарға нақты жауаптар қайтарылды.
Нурикамал СҰЛТАНБЕК,
№11 «Жеңіс»  мектеп-гимназиясы  КММ  
мектепалды сыныбының тәрбиешісі.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...