Deprecated: tie_mega_menu_walker::display_element(): Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919 Deprecated: tie_mega_menu_walker::display_element(): Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919 Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 «МЕНІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІМ» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » «МЕНІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІМ»

«МЕНІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІМ»

         Мен жақында мектебіміздің 5-сынып оқушыларына «Менің көңіл күйім» тақырыбында сауалнама және ойын жаттығуларынан тұратын психологиялық сабақ өткіздім.
        Бұл сабақтың мақсаты: оқушыларымның  психоэмоционалдық жағдайын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау. Шығармашылық қабілеттерін ары қарай дамыту болды.
       Кіріспе бөлімде «Көңіл-күй – кез-келген адамның ішкі дүниесі мен позитивтерінің көрсеткіші, ол бізді айналадағы әлеммен тығыз байланыс орнатуға, әрекет етуге, қарым-қатынас жасауға итермелейді. Көңіл-күй әртүрлі жағдайлар мен оқиғаларға байланысты өзгеріп отырады және оның адам өмірінде алатын орны өзгеше. Адамның көңіл-күйі әртүрлі болуы мүмкін: қуаныш, қайғы, ашу, қорқыныш, реніш, бейтараптық. Бұл жайлар адамның психологиялық және физиологиялық жағдайымен тығыз байланысты. Мысалы, қуаныш немесе шаттық сезімі өмірдегі жетістіктер, жақындарымызбен бірге уақыт өткізу сияқты жағымды сәттерден туындайды. Ал қайғы, реніш немесе күйзеліс қиындықтар, жаман жаңалықтар немесе өмірдегі қиын кезеңдерден пайда болады» деп оқушыларыма адам баласына тән көңіл-күй мен оның түрлеріне қатысты шағын ақпараттар бердім.
        Сабақтың негізгі бөлімінде – оқушыларыма алдымен «Көңіл-күй неге ұқсас?» деген тақырыпта суреттер салдырдым. Онда шәкірттерім табиғат құбылыстарымен байланысты көңіл-күйлерін қағаз бетіне түсірді. Содан кейін «Мен қандаймын?» деген тақырыпта өз-өздерін бағалау (психодиагностика) тәсілін өткіздім. Онда оқушылар «Мен қандаймын?» деген сұраққа нақты жауаптар беріп, өздерін түрлі жағдайларда қалай қабылдап, бағалайтындарын көрсетті. Бұдан бөлек олар «Сағат тіліндегі досым» атты амандасу және  «Болады, болмайды» атты психологиялық жаттығуларын жасады.
       «Сергіту сәтінен» кейін шәкірттеріме «Жалпы адам баласы, күнделікті өмірде бір-біріміздің көңіл-күйімізді түсірмей, бір-бірімізді ренжітпей жүруіміз керек. Өзгелермен дұрыс қарым-қатынас жасай білу, сондай-ақ  өздеріміздің мүмкіндіктерімізді нақты білу баға жетпес байлық» дей отырып, сабақ қорытындыланап, сабаққа белсене қатысқандары үшін оқушыларыма алғыс айттым.
Сүйінбай ӘБДӘКІМ,
Ә.Жангелдин атындағы №27 ЖББМ КММ педагог-психологы.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...