Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
Жетісайда Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өміріне арналған семинар-кездесу өтті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » Жетісайда Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өміріне арналған семинар-кездесу өтті

Жетісайда Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өміріне арналған семинар-кездесу өтті

         Жетісай қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицейінде «Дінмұхамед Қонаев: Елдің өркендеуіне арналған өнегелі өмір» тақырыбында семинар-кездесу болып өтті.  Бұл шара қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен қызметін насихаттауға арналды.
          Аталмыш семинарға аймақтық деңгейдегі беделді тұлғалар қатысты. Қонақтар қатарында Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Прімбеков, Қонаев қорының басшысы Айыпберген Балтабаев, Жетісай қаласы әкімдігінің жалпы бөлім басшысы Қарлығаш Альжановна, Ернұр пресс ЖШС-нің басшысы Асылхан Алиев, сондай-ақ аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары болды.
          Іс-шара барысында қатысушылар Дінмұхамед Қонаевтың өмір жолы, еңбекқорлығы, халық игілігі үшін жасаған ерен еңбегі туралы тың деректермен бөлісті. Қонаев қорының басшысы Айыпберген Балтабаев атақты тұлғаның мемлекет дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оның жеке қасиеттері мен даналығы жөнінде маңызды мәліметтерді жеткізді.
         Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар аймақтық тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру, өскелең ұрпаққа ел тарихын тереңірек таныстыру мәселелерін талқылады. Бұл кездесудің басты мақсаты – Дінмұхамед Қонаевтың үлгілі өмір жолын жастарға өнеге етіп көрсету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Келешек ұрпақты табиғатты аялауға баулу мақсатында мектепте «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы саябақ» ашылып, қонақтар ағаштар отырғызды.
         Семинар қонақтары мен қатысушылар Дінмұхамед Қонаевтың еңбектері қазіргі заманғы жас буын үшін үлкен маңызға ие екенін айтып, осындай шаралардың тәрбие жұмысына оң ықпалын тигізетінін атап өтті.
         Шара соңында қатысушылар бірлескен қорытынды ұсынымдар қабылдап, естелік суретке түсті.
 Исаева Жумакуль Шириновна,
 «Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицейі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...